Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Бруцеллез диагнозын анықтау стандарты



бет128/251
Дата24.09.2024
өлшемі5,03 Mb.
#145560
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   251
Байланысты:
infekcialik-aurular

Бруцеллез диагнозын анықтау стандарты



Бруцеллезге күмәндану

Бруцеллездің болуы ықтимал

Дәлелденген бруцеллез

Жедел және жеделдеу бруцеллез

Жедел немесе жеделдеу ағымдағы ауру келесі клиникалық көріністерімен сипатталатын:


Жалпы нышандар:
- ремиттирлеуші, толқын тәрізді, гектикалық қызба, аурудың алғашқы күндерінде науқастың жалпы жағдайы қанағатты;
- үлану симптомдары (әлсіздік, шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, бас ауруы) ауру ұзаққа созылғанда қалыптасады;
- айқын қалтырау тершеңдікке аусады (әсіресе түнде);
- лимфаденопатия (барлық топтағы лимфа түйіндердің ұлғаюы: олар майда, ауру сезімсіз, қозғалыс қасиеті бар)
- гепатомегалия және спленомегалия
- дене салмағын жоғалту
- лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы


Жергілікті көріністер (минимум ретінде атағандардың біреу немесе бір нешеуі):
- полиартронейромиалгиялар, оссеалгиялар (әр түрлі интенсивтілігінде және орналасуында);
- кей бір науқастарда қайталама генерализацияланған жағдайларда организмнің сенсибилизациясы өршігенде (жедел бруцеллез кезінде), барлық науқастарда (жеделдеу бруцеллез кезінде) әр түрлі ағзаларда ошақты қабыну процесстердің қалыптасуы, олар инфекциялық-аллергиялық және септико-метастатикалық сипатта болады

Біріншілік-созылмалы бруцеллез:
- 6 айдан артық созылатын, әлсіз белсенділігімен сипатталатын ауру
Және
- полиартронейромиалгиялар, оссеалгиялар (әр түрлі интенсивтілігінде және орналасуында), олар әр түрлі қолайсыз жағдайлардың әсерінен өршиді;
- парасимпатикалық вегетативті өзгерістер (гипотония, тері жабындыларының құрғақтығы немесе майлығы, тері трофикасының, терморегуляцияның бұзылыстары, дермографизм өзгерістері, аяқ, қол ұщтарының дірілі, вегетативті-тамырлық сынамалардың бұзылыстары – ортостатикалық, көз-жүректік, Бирбаир вегетативті нүктелердің ауру сезімі, вагоинсулярлы криздер және т.б.)
- Метеосезімталдық
- алақандардың, табандардың гипергидрозы
-Лимфаденопатия;
-Гепато- және спленомегалия;
-бастың ауруы, айналуы, құлақтың шуылдауы;
-ұйқының бұзылуы, естіліктің төмендеуі;
- көңіл күйінің төмендеуі, тез өзгеруі (лабильность), астено-невротикалық, депрессивті синдромдар
- пролиферативті, дегенеративті-дистрофиялық сипаттағы ошақты көріністер
-дене температурасы жиі қалыпты немесе субфебрилді (кешке қарай).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет