Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет174/251
Дата24.09.2024
өлшемі5,03 Mb.
#145560
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   251
Байланысты:
infekcialik-aurular

Асқынулары. Бөртпе сүзектің өтуі бірқатар асқынулармен ауырланады. Аурудың өршу кезеңінде, көбінесе жүрек – қан тамыр жүйесі зақымданған адамдарда жүрек немесе қан тамыр жетіспеушілігі дамиды, бұл бөртпе сүзектен өлудің бір себебі болады. Қан тамырларының зақымдалуына байланысты бірқатар науқастарда жара ( пролежни ) пайда болады. Аяқ – қолдың дисталді бөліктерінде гангрена, тромбоз, тромбоэмболия және тромбофлебиттер дамиды.
Екіншілік инфекцияның қосылуы пневмония, іріңді отит, паротит, стоматит, тері астындағы шел қабатының флегмонасының дамуына әкеледі.
Диагностикасы. Бөртпе сүзекте ең маңыздысы науқасты аурудың алғашқы 4-ші тәулігінде анықтау ( 4 күн заңы деп аталады ), себебі инфицирленген қан сорғаннан кейін 4-ші күннен бастап бит жұқпалы болады, дене қызуының көтерілуіне байланысты науқастың денесін тастап, сау адамның денесіне өтіп, оған риккетсияны жұқтырады. Эпидемиялық бөртпе сүзектің ерте диагностикасы клиникалық және эпидемиологиялық мәліметтерге негізделеді. Бастапқы кезеңінде бөртпе сүзекпен Брилл ауыруын грипп, пневмония, менингококты инфекция, геморрагиялық қызбамен дифференциальды диагностика жүргізу қажет, өршу кезеңінде іш сүзегі мен паратифтермен,эпидемиялық қайталама тифпен, басқа да риккетсиоздармен, сепсиспен, жұқпалы мононуклеозбен, орнитоз, қызылша, сифилис, дәрілік аурумен, трихиниллезбен, флеботомды қызбамен және әртүрлі эритемалармен жүргізеді. Серологиялық реакциялар тек аурудың басталуындағы 4-7 күндері ғана оң болады. Эпидемиялық өршу уақытында, эпидемиологиялық мәліметтерге байланысты диагноз жеңілдейді. Бөртпенің пайда болу мерзімі мен сипаты, бетті қан кернеу, Розенберг энантемасы, Киари-Авцын дағы, жүйке жүйесі жағынан болған өзгерістер - мұның бәрі бірінші кезекте іш сүзегінен дифференциялауға мүмкіндік береді. Экзантемамен өтетін басқа жұқпалы аурулардан да дифференциялау керек, соның ішінде, өзге риккетсиоздардан (эндемикалық бөртпе сүзегі, Солтүстік Азияның кене риккетсиозы).

№18 кесте


Бөртпе сүзегін және Брилл ауруын ерте (аурудың алғашқы 4 күнінде) анықтау алгоритмі

Маңызды диагностикалық белгілер:



  1. қызба (4 күндей және одан көп) → ИНФЕКЦИЯ

  2. бастың қатты ауыруы

  3. ұйқының бұзылуы


  1. бауыр мен көк бауырдың үлкеюі → ЖАЙЫЛМАЛЫ

ИНФЕКЦИЯ


Жұқпалы аурулардың 4 тобының біріне ішек, тыныс жолдары, қан арқылы, сыртқы тері арқылы жұғатын аурулар жатуы мүмкін



Әртүрлі сепсистер мен басқа жұқпалы және жұкпалы емес аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізу



Беттің және мойынның қызаруы, конъюнктива және склераның қан тамырларының инъекциясы, Розенберг, Киари-Авцын, Говоров-Годелье, Румпель- Лееде- Кончаловский, «шымшу», «жгут», «резинка» симптомдары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет