Клиникалық көріністері. Листериоздың клинико-патогенетикалық жіктелуін А.М. Дмитровский (2002 ж.) ұсынған (№ 14 кесте).
Листериоздың жасырын кезеңі 3-45 күнге дейін созылады. Листериоздың клиникалық ағымы полиморфизммен сипатталады. Аурудың барлық түрлері толық зерттелмеген. Клиникалық көріністер жұғу жолдарына, ошақтардың орналасқан жеріне, организмнің иммунды жауптың күшіне байланысты. Ағымы бойынша жедел, жеделдеу, созылмалы түрлері анықталған. Аурудың жедел түрі кенеттен басталып, науқаста қалтырау, дене қызуының көтерілуі, улануы (бас ауыруы, ұйқысыздық, бұлшық еттердің ауыруы) байқалып, тәбеті жоғалады. Жеделдеу түрі 1,5-3 айға созылады. Листериоздың созылмалы түрінде қоздырғыштың организмде ұзақ уақыт болуының әсерінен ауру белгісіз өтіп, өршу кезеңінде қысқа қызбамен, катаральды симптомдарымен өтеді. Созылмалы пиелонефриттің ағымына ұқсайды. Жүкті әйелдерде аурудың осы түрі жиі кездедседі.
№ 14 кесте
Листериоздың клинико-патогенетикалық жіктелуі (А.М.Дмитровский бойынша, 2002 ж.)