Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет10/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   167
Атмосфера құрылымы және құрамы. Жер бетінің газ
күйіндегі қабаты - атмосфера деп аталынады. Оның массасы
5,9*1015 тоннаға тең. Атмосфера - мезосфера мен тропосфера
қабаттарынан тұрады. Әрбір қабатта, ауа мөлшері мен
температурасы әр түрлі болады.


2-кесте
Ірі қалалардағы автотранспорт көліктерінің ауаға
шығаратын ластанушы заттарының үлес бөлігі


Қалалар Ластаушы Ингредиенттер үлесі, %


зат, жылына
мың тонна Азот Көміртегі Көмірсу-
есебімен тотықтар тотықтар тектер
ы ы

Москва 801,3 5,2 79,0 15,8


Санкт- 371,9 5,7 78,2 16,1


Петербург


Ташкент 357,3 7,6 78,4 14,0

Баку 297,8 9,5 76,1 14,4


Тбилиси 282,2 6,6 79,6 13,8


Киев 244,2 4,9 79,4 15,7


Ереван 174,2 5,1 79,7 15,2


Алматы 164,8 6,8 79,4 13,8


Омбы 154,4 5,1 78,4 16,5


Одесса 140,8 4,9 79,2 15,9




Атмосфераның құрамы мен құрылымы, ластану
жолдары. Атмосфераны ластайтын заттарды
классификациялау


Агрегаттық күйіне қарай атмосфераны ластайтын заттарды


төрт топқа бөледі: қатты, сұйық, газ және аралас. Сонымен қатар,
өндіріс қалдықтарының атмосфераға тарайтын бөлігін
төмендегідей етіп те топтайды:
1. Шығару және бақылау жүйелерін үйлестіру бойынша;
2. Ластаушы затты шығару режимі бойынша: үздіксіз-
кезеңдері;
3. Температура бойынша: газ-тозаңды қоспаның
температурасы ауа температурасынан жоғары және төмен болады;
4. Шоғырландыру бойынша: негізгі, көмекші өндіріс немесе
қосалқы (подсобный) өндіріс;
5. Тазалау сипаты не тәсілдері бойынша: ауаға тазаламай
бірден шығарылатын және тазалауға жіберілетін заттар.
Үйлестірілген өндіріс қалдығын шығару дегеніміз арнаулы
газ жүретін құрылғы, құбырлар арқылы газды атмосфераға
шығару. Үйлестірілмеген (неорганизованный) өндіріс қалдығын
шығару-газ өнімдерін бейтәртіп, бағыт-бағдарсыз атмосфераға
жіберу.
Атмосфераға шығарылатын газдар - біріншілік және
екіншілік қалдықтар деп те бөлінеді. Біріншілік (первичные)
қалдықтар өндіріс орнынан, өзге жерден тікелей атмосфераға
шығарылады. Екіншілік (вторичные) қалдықтар - біріншілік
қалдықтардың өнімі бола отырып, біріншілік қалдықтарға
қарағанда улылау және зияңдылығы жоғары болады.
Ластаушы көздер. Атмосфера құрамын ластаушы жүйелер -
табиғи (естественный) және жасанды (антропогенный) деп екіге
бөлінеді:
1. Арнаулы сипаттағы (по назначению):
а/ Белгілі сүзгі, қондырғылардан, сіңірілуден өткен газдар,
аппараттарды үрлеуден босанған газдар;
ә/ Желдеткіш жүйелерінен, газ алмастыру барысында
шығатын газдар.
2. Орналасу жағдайы бойынша:
а/ Жел өтінде орналасқан биік мұржалар;
ә/ Төмен орналасқан қысқа мұржалар;
б/ Жер бетіндегі өнеркәсіп құбырларының құдығы.


3. Геометриялық түріне қарай:
а/ Нүктелік (точечные) мұржа, шахта, желдеткіштер;
ә/ Сызықтық аэрациялық шамдар, ашық терезелер.
4. Жұмыс жағдайына қарай:
а/ үздіксіз;
ә/ кезекті;
б/ дүркін-дүркін (залповые);
в/ лездік (мгновенные).
Дүркін-дүркін ластау кезінде, ауаға бірден өте көп мөлшерде
зиянды заттар қосылады. Лездік ластау барысында, ластаушы
газдар ауаға өте аз уақыт ішінде тарайды. Яғни бұл - жарылыс,
қопарылыс болған кезде пайда болған газдар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет