Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет8/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   167
Сутегі - ауада 0,00005% ғана. Ол атмосфераның жоғарғы
қабатында судың молекуласының оттегі мен сутегі ыдырауынан
пайда болады. Оның тыныс алуға қатысы жоқ, ол бос күйінде
ағзаға сіңбейді.




Метан - ауада 0,00022%. Ол органикалық заттардың
оттегінің қатысуынсыз шіруінен пайда болады және табиғи газдар
мен мұнай бұрғылауларында кездеседі. Метаны көп ауаны жұтса
адам тұншығып өліп кетеді.


Аммиак - концентрациясы органикалық тастандылардың
және басқа ластаушы заттардың аймақты былғап ластауынан көбейеді,
айрықша жаз мезгілінде, шіру кезінде. Таза ауада оның мөлшері 1-
10-6 %.


Күкірт сутегі - органикалық заттардың оттегінсіз шіріген
кезінде бөлінеді, оның аз мөлшерде болса да иісі жаман.


Теңіз суының ұсақ тамшылары мен теңіз өсімдіктерінен
ауаға йод таралады (мөлшері 3,5 • 10-9 % шамасында).
Ультракүлгін сәулесі ауа молекуласымен әрекеттесіп су
тотығын (перекись водорода) түзеді. Ол озонмен бірге ауада
органикалық заттардың тотығуын қамтамасыз етеді.
Атмосфералық ауада қазіргі кезде табылып жүрген улы
заттардың қатарына мыналар жатады: күкірт тотығы, көміртегі
тотығы, оксиданттар және түрлі құрамда болып келетін шаң-
тозандар.


Күкірт тотығы (күкіртті газ). Ультракүлгін сәулесінің
әсерімен тотығып триоксид түзеді, ал ол болса ауа ылғалымен
бірігіп күкірт қышқылына айналады, сөйтіп “қышқыл жаңбырдан”
жауын байқалады.
Ультракүлгін сәулесінің әсер етуімен азот тотығы, азотты
тотық пен оттегінің жеке атомына ыдырайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет