1.3. Бөлме ауасының гигиеналық бағасы.
Бөлме ауасының құрамында антропогендік улы газдар,
құрылысқа пайдаланатын полифер материалдарынан бөлінетін
фенол, формальдегид, стирол, трибутилфосфат және басқа улы
заттар газдың жануынан шығатын заттар, тамақ дайындағаннан
және кір жуғаннан болатын басқа заттар болады.
Сондықтан ауаның таза болып тұруы бөлмелерді таза
ұстауға, ауаның алмасып тұруына, тұратын адамдардың санына
және тағы басқадай себептерге байланысты.
Бөлме ауасы тазалығының кепілдігі М. Петтепкофердің
ұсынуы бойынша СО2-ның мөлшерінен 0,1 % деңгейде шектеледі.
Бірақ жалғыз осы белгімен қалу қазіргі кезде жеткіліксіз, өйткені
жоғарыда көрсетілгендей басқа да зиянды заттар көп-ақ.
Сондықтан бөлме ауасына гигиеналық сипаттама беру үшін үшін
біз СО2-ден басқа аммиакты және аммоний қоспаларын, ауаның
тотығу шамасын анықтаймыз. Полимер материалдардан бөлініп
шығатын заттарды да тексереміз. Бөлме ауасының жалпы бөліміне
және бір адамға тиетін үлесіне де көңіл бөлінеді.
1.4. Атмосфералық ауаның ластануының гигиеналық маңызы
Атмосфералық ауаның ластануы туралы проблема XX
ғасырдың 2-ші жартысында өндіріс орындарының техника,
транспорт дамуымен байланысты өзінің шыңына жетті.
Қазіргі кезде жер атмосферасына жылына жүздеген миллион
тонна өндіріс қалдықтары шығарылуда. Атмосфераның негізгі
ластаушылары өндіріс орындары, котельный, транспорт, ТЭЦ -
бұл үлкен қалада.
Ал ауыл, т.б. жерлерде отын көздерін жағу - көмір, газ,
мұнай, т.б., атмосфера ластаушының негізгі көзі болып есептеледі.
Бір жылда алынған көмірді жағу атмосфераға 94 млн.т. шаң, 30
млн.т. СО2 көмір тотығын, 37 млн.т. күкіртті газ, 6 млрд.т. СО2
шығарады.
Ал жеңіл машина сағатына атмосфераға 4 кг көміртегі
тотығын, жүк машинасы 7 кг-ға дейін шығарады. Тек қана біздің
планетамыздағы автопарктің атмосфераға шығаратын көміртегі
тотығы 200 млн.т., көмірсутегі - 50 млн. т. құрайды.
Ластаушының негізгі қатарына ауа транспорты да кіреді.
Мысалы: қазіргі төрт моторлы 1 жолаушы самолеті атмосфераны
10000 жеңіл машинамен бірдей ластайды.
Ластанған ауаның ағзаға зиянды әсері зор. Нәтижесінде
әртүрлі аурулар дамиды. Улы тұман әсерінен өлім 2468 адамға
көбейді, әсіресе, қарт және балалар арасында тек тұмау әсерінен
4000 адам өледі.
Ластанған ауа әсерінен әлсіреген ағза созылмалы бронхит,
өкпе эмфиземасы, созылмалы ринит, отит, т.б. тыныс алу
жүйесінің ауруларының 1,5-2 есе көбеюіне ықпалын тигізеді.
Зерттеулерге қарағанда атмосфераның ластануы дененің
түршігуіне канцерогенді әсер тигізетіні анықталды. Ауаның
қарқынды шаңдануы атмосфераның мөлдірлігіне, ал бұл табиғи
жарықтануға (ультракүлгін сәулелері) әсер етеді. Шаң-тозаң тұман
түзуінің бірден-бір себебі. Ал тұман, көшенің зақымдануына, адамның
психикасына әсер етеді.
Атмосфералық ластану үлкен экономикалық шығынға
әкеледі. Мысалы: қалдықтармен қатар ауаға цинк, мыс, қорғасын,
күкірт газы, т.б. таралады. Ал бұл қалдықтар өсімдіктерге,
ескерткіштерге өте зиянды. Сонымен қатар өсімдіктің аз
өнімділігі, жануардың аурулары, т.б. ауытқулар да ауамен
байланысты.
Тұрмыс бұйымдарының өте ластануы да ауа тозаңымен
байланысты. Атмосфераның газ тәрізді заттармен ластануына
күкірт қосылыстары, күкірт сутек, азот тотығы, көмір сутек,
альдегид, күйенің қосылыстары да жатады.
Ауа ластануымен күрес жан-жақты жүргізілуде, барлық
өндіріс орындарына олардың күшін, технологиясын, т.б. ескере
отырып мынадай санитарлы-қорғаныс аймағының мөлшерлері
қойылған. 1 класс өндірісіне -1000 м, II-500 м, III-300 м, IV-100 м,
V-50 м.
Қазіргі кезде ауа бассейнін қорғауда тазалаушы
құрылымдарды қолдану (шаң ұстағыш, фильтр аппараты, электрлі
фильтр, ылғалды тазалаушы, т.б.) қарастырылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |