Ауыртүрінде - температураның тез 40°С-дан асуы,
артериялық қысым түсуі, қан құрамы өзгеруі, ұстамалар, талу
болады. Ауыр түрде күн өту (тепловой удар) ыстық соққы деп
аталады. Одан өлу немесе комаға түсуі мүмкін.
Төменгі температурада тері температурасы төмендейді.
Жергілікті және жалпы суы баспа, жоғарғы тыныс алу жолдары
қатары, өкпе қабынуы (пневмония) неврит, миозит, радикулитке
алып келеді.
Төменгі температурадағы жоғарғы ылғалдық ауаның жылу
өткізгіштігін арттырып, оның салқындаушы қасиетін арттырады.
Ылғалдылық Абсолюттіылғалдылық 1 м3 көлемдегі ауа су буларының
(грамдағы) саны.
Максималдыылғалдығы - қанығу уақытындағы 1 м3 көлемдегі ауа су буларының саны. Салыстырмалы ылғалдылық -
абсолютті ылғалдылықтың максималды ылғалдылыққа қатынасын
айтамыз (%-пен алғанда).
Қанығужетіспеушілігі - максималды ылғалдылықпен
абсолютті ылғалдылық арасындағы айырмашылық.
Шықтамшысы - бұл абсолютті ылғалдылықтың
максималды ылғалдылыққа тең болуы. Ылғалдылықты анықтау
үшін психрометр және гигрометр қолданады. Гигрометр арқылы
ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтайды. Ауаның жай
жылдамдығын анықтау үшін кататермометр, ал үлкен
жылдамдықты анықтау үшін анемометрлер қолданады.
Атмосфералыққысым Жердің тарту күші ауаны жерге тартады, сөйтіп қысым пайда
болады. Теңіз деңгейінде қысым тең 101,3 КПА (760 мм с. б.б.
және 1 атмосфера). Сыртқы қысым ішкі қысыммен тең, сондықтан
біздің ағза атмосфера ауырлығын сезбейді.