Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Бір шыны сыраның өзі ана құрсағындағы сәбидің миына әсер етеді. Адам ағзасына зияны



бет120/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   167
Бір шыны сыраның өзі ана құрсағындағы сәбидің миына әсер етеді. Адам ағзасына зияны.



  • Бастың қатты ауруы.

  • Көздің бұлдырауы.

  • Ақыл-сана, абырой, намыстан айыруы.

  • Ағзаның ауруларға қарсы тұратын күш-қуатының жойылып, әлсіреуі.

  • Отбасы мен адамдар арасындағы дау-жанжалға қалдыруы.

  • Ми, бауыр, жүректің зақымдануы. Ұзақ уақыт араққа салынған адамның бауыры қалыптағыдан 14 есе артық жұмыс істейді, бауыр циррозы, бауыр қатерлі ісігі дамиды.

  • Алкоголь ас қорыту мүшелерін қатты зақымдайды, асқазан жарасы, өңеш жарасы тәрізді дерттерге ұрындырады.

  • Ішек қатерлі ісігі араққа салынғандар арасында басқалармен салыстырғанда үш есе көп кездеседі.

  • Ішкіліктің әсерінен зорлық-зомбылық, ұрлық, кісі өлтіру тәрізді қылмыстар орын алады, адам рухани күйзеліске ұшырайды.

  • Көп ішкенде адамның көз алдына жын-шайтан елестейді.



IX бөлім. Еңбек гигиенасы


Шу мен діріл

9.1. Шу




Шу – есту анализаторымен қабылданатын, дыбыстың тәртіпсіз шығуы, яғни 20-16000 Гц жиіліктегі механикалық ауытқу.
Шу деп түрлі жиіліктегі және қуатты дыбыстардың шым-шытырық қозғалысын айтады. Дыбыс үнемі газды, сұйық және тығыз толқын түрінде тараған тербелмелі қозғалыстан тұрады. Газды сұйық немесе тығыз орта болғанда ғана дыбыс адамдардың құлағына естіледі. Ауа жоқ жерде дыбыс толқындары таралмайды да, ешқандай дыбыс естілмейді. Мысалы: қоңырауды электр жүйесіне жалғап шыны қалпақпен жапсаң қоңырау сылдыры анық естіліп тұрады. Егер қалпақ астындағы ауаны насоспен біртіндеп сорса қоңырау сылдыры азая түседі де ауа біткен соң естілмейтін болады.
Дыбыстың биіктігін тербелістер жиілігі анықтайды: тербеліс жиілігі қаншалықты көп болса, соншалықты дыбыс биік болады. Адамдар тек 20-дан 2000Гц жиіліктегі дыбыстарды ғана ести алады. 20Гц – тен төмен болса – инфрадыбыс , ал 2000 Гц – тен жоғары болса - ультрадыбыс. Бірақ та біз шын өмір мен өндіріс шарттарында жиілігі 50-ден 5000Гц тербелістер жиілігімен кездесеміз. Адамның есту аппараты абсолюттік емес, шартты тербеліске сезімтал: тербеліс жиілігінің екі есе өсуі белгілі бір тонға көтерілуімен сипатталып, октава деп аталады. Сонымен, октава – жоғарғы шекарасы төменгісінен екі есе көп жиілік диапазоны. Диапазондардың салмағы орташа геометриялық октаваларға бөлініп 16; 31; 5; 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000; 8000 және 16 000Гц-пен жиіліктенеді. Дыбыстың тәжірибелік бағасы 63-тен 8000 Гц –ке дейінгі диапазонда өндіріледі.

Ауаның тербелуі жиіленген сайын дыбыстың күші де әрі жоғары, әрі жіңішкелене береді. Мысалы: сиыр мөңірегенде ауа секундына 20-30 қозғалу (тербелу) болса, масаның ызыңында 10000-ға дейін тербелу болады. Дыбыстың негізгі физикалық сипаттамалары мыналар: тербелу жиілігі, таралу жылдамдығы, күші және қысымы. Дыбыстың тербелу жиілігі (f) герцпен өлшенеді. 1 герц (гц) 1 секунд ішінде толық 1 циклы өтетін тербеліс жиілігінің өлшеу бірлігі. Герц атауы электромагниттік толқындарды ашқан неміс физигі Г. Р. Герцтің құрметіне қойылған. Орысша Гц. Халықаралық белгіде НZ болып жазылады.


Жоғарғы жиіліктерді өлшеу үшін оның еселік бірліктері жиі қолданылады: 1 килогерц (Кгц)= 1000 гц, 1 мегагерц (Мгц) – 1000000 гц.


Жиілік құрамына байланысты шу төменділігі /350 Гц-тен төмен/. Орта жиілікті /350-800Гц/, жоғары жиілікті /800Гц-тен жоғары/.
Шудың стабильді импульсты түрлері бар. Егер энергия уақытпен аз өзгерсе стабильді шу деп аталады. Импульсті шу – бірінен кейін бірі кездесетін соққы сияқты.
Шу бүкіл органдарға әсер етеді, 1-ші естуге және ОЖЖ, сол арқылы басқа органдар мен жүйелерге.
Жоғары жиілікті шу субъективті нашар қабылданады және органдарға барынша жағымсыз әсер береді. Импульсті шу стабильді шуға қарағанда өте зиянды болып келеді.
Физико-гигиеналық талаптарды ескере отырып өндірістік шуды көптеген белгілері бойынша жіктеуге болады.
Этиологиясы бойынша – аэродинамикалық, металлдік және т.б.
Жіктеу талаптар бойынша – төмен жіктеу (1-350Гц), орта жіктеу (350-800Гц), жоғары жіктеу (800Гц-тен жоғары).
Спектр бойынша – кең жолақты (ені 1 октавадан асатын үздіксіз спектрлы шу), үндес (спекторында үздікті тонды бар шу). Біркелкі қарқынды дыбысты кең жолақты шу барлық жиіліктерде ақ болып есептелінеді.
Уақыт қуаты бойынша – тұрақты немесе үнемі, үнемі емес болып бөлінеді. Үнемі емес шу тербелісті, үзілісті және импульсты болуы мүмкін. Соңғы екі шудың түріне күрт уақыт дыбысының қуаты өзгерісі тән (сықырық, гудоктар, балғашаның ұруы, оқ ату және т.б.)
Қазіргі кезде шу шығармайтын өндірісті табу өте қиын. Қарқынды шу шегелеуде, шекуде, қалыптауда, маторды тексергенде, көптеген станоктармен жұмыста, балғамен соққанда, компессорлық орнатуларда, тербеліс алаңдарында және т.б. жерлерде пайда болады.
Шудың адам ағзасына әсері көбіне көптеген басқа өндірістік зияндармен – қолайсыз микроклимат жағдайы, уытты заттар, ультрадыбыс пен тербелістер әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет