Орталық нерв жүйесінің функционалдық бұзылысы есту мүшесіндегі өзгерістерден ерте дамиды. Бұл кезде адамда мынандай шағымдар болады: тез шаршау, жалпы әлсіздік, бас ауру, бас айналу, тітіркендіргіштік, ұйқының бұзылуы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі.
Невротикалық не астеникалық синдром вегетативті дисфункциямен бірге дамиды. Аяқ-қолдың дистальды бөлігінде ауырсыну және вибрациялық сезімталдылықтың жеңіл бұзылуы болады.
Көбіне жүрек –тамыр жүйесінің функциясы бұзылады, әсіресе нейроциркуляциялық дистония түрінде: жүрек тұсының ауруы, жиі уайымнан соң сирек жүрек соғу ұстамасы, ентігу, қан қысымының тұрақсыздығы, гипертензияға бейімділік, ЭКГ-де синусты брадикардия, тахикардия, аритмия, Т-тісшесінің биік болуы-оң кеуде тіркемесінде, кейде Т-тісшесінің төмендеуі және 2 фазалығы кездеседі не миокардтағы басталып келе жатқан өзгерістерді көрсетеді. Жүрек-тамыр бұзылыстары шудың ОЖЖ-не әсерінен қан айналымды реттейтін орталықтың бұзылуынан болады. Асқазан-ішек жолдарында функциональды өзгерістер: асқазан секрециясы мен қышқылдығының төмендеуі байқалады.
Патологияның бұзылыстар симптомокомплексі – үлкен шудың әсерінен болатын, көптеген авторлар айтуымен шу ауруы деп аталады. Бұл түсінікте шу факторының әсерінен дамитын есту органы, ОНН және жүрек тамыр жүйесінің зақымдануы жатады.
9.5. Жұмысқа қабілеттілік экспертизасы
Басқа жұмысқа ауыстырудың негізгі критериі болып сыбырлап сөйлеуді естудің төмендеуі жатады. Бұл үшін аудиометриялық немесе камертональды тексеру жүргізеді. Естуді анықтау жұмысқа дейін тыныш орында жүреді.
Аудиометриялық тексерулердің көрсеткіштерін ескере отырып, құлақтың жағдайын динамикалық бақылау кезінде және әсіресе, еңбек ету сұрақтарын шешу кезінде, «шулы» мандықтағы жұмысшылардың естулерінің төмендеу деңгейін бағалаймыз. Тондық аудиометрия мәліметтері бойынша «шулы» мамандықтағы жұмысшылардың сөзді қабылдайтын аймақтағы есту қабілеттерінің төмендеуімен жүретін өзгерістер, құлақтың есту жағдайларын көрсетеді. Сондықтан есту қызметінің жағдайын бағалаудағы маңызды тексерулерге 4000 Гц жиіліктегі және сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының орташа көрсеткіштері болып табылады.
Аудиометриялық тексерулерді дәрігердің бақылауымен орташа медицина қызметкері жүргізе алады.
Аудиометриялық тексерулердің үш әдісі бар.
1-Әдіс. Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық дыбыстық өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000, 3000, 4000 және 8000 Гц жиіліктерде құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз. Шудың әсерінен естуді төмендету кезінде 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерді анықтаудың маңызы зор. Қосымша аудиометрияның босаға үстілік тексерулері жүргізіледі. Осындай экспертизаларды жүргізуге құқығы бар медициналық мекемелерде еңбек сараптамасын жүргізу үшін қолданылады.
2-Әдіс. Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық дыбыстық өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерде құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз. Алдын ала және кезеңді түрдегі медициналық тексерулер кезінде қолданылады.
3-Әдіс.Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық дыбыстық өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерде құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз. Шулы өндірістерді қараған кезде, медициналық мекемелерде есту ағзасына бастапқы шудың әсерін анықтау үшін қолданылады.
Аудиометриялық тексерулер үшін тондық аудиометрия қолданылады, босағалық деңгейдің экиваленттері ГОСТ 13655-75 деңгейіне сәйкес келеді. Аудиометриядағы тондардың өзгерістері біркелкі және баспалдақты болу керек, 5 Дб артық болмау керек.тексерулер үшін қолданылатын аудиометриялардың ГОСТ 8.002-71 бойынша мемлекеттік тексеру куәліктері болу керек. Аудиометрияның кезеңді тексерулері жылына бір рет жүргізіледі. Тексерулер алдында аудиометриялық аппараттың инструкция бойынша дұрыстығын тексеру керек, сонымен қатар кем дегенде 5 адамның «биологиялық» калибровкалары жүргізілді.
Аудометриялық тексерулер мекемелерде жүргізіледі, шулардың деңгейі аспау керек: 1 әдіс үшін – 15 дБА және 50 ДБА; 2 әдіс үшін – 30 дБА және 65 дБА; 3 әдіс үшін 35 дБА және 70 ДБА. Шуды арнайы шумомермен өлшейді оның класы ГОСТ 17187 – 71 бойынша 2 төмен болмау керек. Бөлмеде эксперементті жүргізетін адам және тексерілетін адамнан басқа ешкім болмау керек.
Аудиометриялық тексерулерді 80 дБА жоғары деңгейі бар кәсіпорындарда есту қабілетін қалыптастыру үшін 14 сағат ішінде жүргізеді. Есту босағаларының уақыттық ығысуларын шудың әсері тоқтағаннан кейін 5-ші минутта жүргізеді. Тексерулер кезінде арнайы шарттар бар, ол тексерілуші аудиометрияның панелін көрмеу керек және манипуляцияны жүргізетін адамның түрін көрмеу керек.