Оқушылардың денсаулығын сақтау үшін төмендегі ұсыныстар қажет:
Шаршауды болдырмау үшін көзге арналған жаттығулар жасау, жұмыс орны ыңғайлы, оқушы жасына сай реттелген сапалы бағдарламаларды қолдану қажет.
Басқа пән мұғалімдері информатика пәнінің сабақ кестелерін есептей келе компьютерді қолдану керек.
Қамтамасыз ету бағдарламасында арнайы бағдарлама болуын, сергіту сәтін, динамикалық үзіліс жасау кестесін құру керек.
Компьютермен жұмыс нормасын міндетті түрде сақталуын оқушыларға қажеттендіру.
Ата-аналар ғаламтор балаларына қауіпсіз болсын десе, оны үнемі жаңа бағдарламалармен жабдықтап, спамфильтр орнатып, қауіпсіздік туралы ақпараттарды біліп отырулары керек.
Балаларының ғаламтордағы компьютерлік ойындарға тәуелділігін тексеріп, сол бойынша тиісті шаралар қолданып отыру.
Кәмелетке жасы толмаған балалардың электронды поштасына енуге ата-анасының мүмкіндігі болуға тиіс. Ол ең бірінші, сол баланың қауіпсіздігі, бақытты болашағы үшін қажет.
8.8. Темекінің шығу тарихы
Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең етек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез.
8.9 Темекінің зияны
Ас қорытуға
Асқа деген тәбетті қайтарады.
Ас қорытуды қиындатады.
Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.
Асқазанда жара пайда болады.
Ерін, тіл және өңеш рағына жол ашады.
Тыныс алуға
Темекі
Жөтел және қақырық пайда болады.
Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.
Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден.