Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет3/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   167
Жалпы гигиенаның негізгі мақсаты халықтар арасында
аурулардың ғылыми негізінде алдын алу. Жалпы гигиена
әлеуметтік-экономикалық және биологиялық факторлармен өзара
тығыз байланысты қоғам денсаулығын зерттейді.
Жергілікті халықтың денсаулығы олардың еңбек, демалыс,
тұрмыс, өмір сүру, тамақтану, сумен қамтамасызету және
қоршаған орта жағдайларымен сипатталынады. Сондықтан қазіргі
кездегі проблемалардың ішінде мына төмендегілер аса маңызды
орын алады:
- қоршаған орта факторларының әртүрлі әсеріне байланысты
халықтың денсаулық жағдайының анализі;
- қоршаған ортаның жекеленген факторларына арналған
ғылыми негізделген гигиеналық нормаларды ұсыну;
- әлеуметтік - экономикалық және экологиялық жағдайдағы
ғылыми негізделген гигиеналық нормаларды ұсыну.
Сонымен қатар жалпы гигиена клиникалық тәртіппен бірге
аурудың туындау себептерін зерттеп сау және ауру адамдардың
арасында алдын алудың қарқынды бағдарын жүргізеді.
Жалпы гигиенаның міндеттері:
- табиғи және әлеуметтік жағдайлардың ағзаға тигізетін
әсерін зерттеу арқылы жеке бастың, қоғамның денсаулығын
қорғау;
-дәлелденген ғылыми нәтижелерді тәжірибеге енгізу және
оларды үнемі жетілдіріп отыру;


I бөлім. Атмосфера ауасы қоршаған орта ретінде, ауаның физикалық және химиялық факторларының ағзаға әсері. Атмосфера ауасының тазалығын қорғау.






1.1. Ауаның гигиеналық сипаттамасы және денсаулыққа әсері




Атмосфералық ауа жер бетіндегі тіршілікті, ағзаның қалыпты


өмір сүруі және оның еңбекке жарамдылығын қамтамасыз етіп
тұратын жер шарын қоршаған газ тәрізді қабат. Ауа адамға, жан-
жануарға және өсімдіктерге қажет, ауасыз өмір жоқ.
Ауа ағзаны оттегімен қамтамасыз етеді, зат алмасу
құбылысының газ тәрізді заттарын қабылдайды, термореттеуге
және басқа маңызды құбылыстарға тікелей әсер етеді.
Атмосфера қуаттылық, геологиялық, гидрологиялық
құбылыстарға әсер етеді және де ол ауа райын қалыптастыруға
ықпал етеді. Бұлттар, жаңбыр, қар, жел барлығы планетамыздың
ауа қабатында туылады, онсыз тіршілік жоқ болар еді.
Ауаның қасиеті мен құрамының өзгеруі ағзаға теріс әсер
етеді. Ол токсикалық және жұқпалы бастаулардың қауіпті
тасымалдаушысы болуы мүмкін. Жер бетіне жететін күн
сәулелерінің сан сапасына атмосфераның тигізетін әсері мол. Жер
бетіне ең жақын орналасқан ауаның тығыз қабатын атмосфераның


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет