5.7. Ел тұратын жерді тазарту жүйесі
Лас қалдықтар 2 топқа бөлінеді - сұйық және қатты.
Сұйығына -нәжістер, ыдыс-аяқ жуындысы, монша суы, кір
жуындысы, өндірістен шыққан сулар, атмосфера сулары жатады.
Қаттысына - үйден шыққан қалдықтар, көше сыпырындысы,
малдың қиы, өндіріс қалдықтары, малдың өлексесі, мал
бауыздаудан қалғандары жатады.
Сұйық қалдықтарды не алып кетеді, не құбырмен ағызып
жібереді. Қатты қалдықтарды машинамен немесе басқа
транспортпен сырт жаққа алысқа апарып (салауаттандырады)
тастайды.
Барлық қалаларда құбырмен тасымалдау қолға алынған. Таза
Суларды ластықтан қорғау үшін сұйық қалдықтарды
Салауаттандыратын құрылыстар салынады. Бұлардың үстінен
санитарлық бақылау жүргізіледі.
Сұйық қалдықтарды тасымалдау 3 жолмен жүреді:
- жинау және уақытша сақтау;
- тасымалдау;
- қалдықтарды салауаттандыру және жою.
Сұйық қалдықтарды жинау және уақытша сақтау үшін
нәжісхана (шіріту) пайдаланылады. Олардан тасымалдауға арнайы
автоцистерна жұмысқа қосылады. Қалдықтарды салауаттандыру
үшін даладан ассенизациялық жер бөлінеді, ол жерде егістік өсіру
қолға алынады. Немесе ол жерге шашылғаннан соң айдалып
тасталады, сонда ластық салауаттандырылады.
Шаруашылықта ауылдарда сұйық қалдықтарды егістікке
шашу қолданылады. Бұл тағамдық өсімдіктерді ластайды (ағза
үшін де зиян). Олардың денсаулыққа зияны болмау үшін
компостау әдісін пайдаланған жөн ( жерге көміп шіріту).
Егер бұлай істеу қиындыққа түссе, нәжісжайды басқа жерге
ауыстыру керек. Бір жылдан соң ондағы қалдық егістікке шашуға
дайындалады. Егер сұйық қалдық шашылса (салауаттанбаған)
егістікті күзде бір рет, көктемде екінші рет қопарып егіс егу керек.
Сонда жер өзін-өзі салауаттандырып үлгереді.
Гигиеналық тұрғыдан қарағанда сұйық қалдықтарды
құбырмен айдап алып кету тиімді. Алысқа алынып кеткен ластық
ауылдың ауасын да, жерін де, суын да былғамайды.
Канализацияның негізгі элементтері:
- үйдегі қабылдағыштар;
- құбырлар жүйесі;
- қалдықтарды салауаттандыратын құрылыстар.
Өндірістің қалдық ағын сулары құбырларды жарақаттамауы
үшін алдымен тазартылады (қышқыл-сатілерден, жарылғыш
заттардан, радиобелсенді қалдықтардан). Ол үшін мұнай-май
ұстағыштар, тұндырғыштар пайдаланылады, суға реагенттер
қосады, майда сүзектер және ионды сүзгіштер іске қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |