Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Тұрғылықты жерді қатты қалдықтардан тазарту



бет52/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

5.8. Тұрғылықты жерді қатты қалдықтардан тазарту

Қатты қалдықтар күнделікті тасымал машинасымен алып


кетіліп отырады. Ол үшін халықтар арнайы темір ыдысқа /0,8-1
м3/ жинақтайды. Ауылдық жерлерде әрбір үйде қалдық жинайтын
ыдыс арналады, машина келген соң иесі салып жібереді.
Қалдықтарды зиянсыздандыру биотермиялық әдіспен, жағып
жіберу арқылы, сырт жаққа апарып төгу жолымен жүргізіледі.
Биотермиялық әдіс - бұл жолмен органикалық заттардың
микробтар арқылы ыдырап шіруге дейін жететін құбылыс іске
асады. Ол үшін өзімізге белгілі компостау қолданылады.
Компосталған қалдық бір жыл мерзімінде пісіл жетіледі. Дұрысы
екі жерге компост шұңқырын қазу, біріншісі піскенде екіншісі
толтырылады, екіншісі піскенде біріншісі босайды.
Қала жағдайында компосталатын жер үйден 1 км
қашықтықта болады. Биотермиялық камералар ауыл
емханаларының маңында, саяжай мен демалыс үйлерінің қасында
орнықтырылады.
Қалдықтарды үйден 1 км қашықтықта орналасқан
шұңқырларға тасымалдап, үстіне шыбын қонбас үшін топырақпен
жауып шірітуге де болады.
Қоқысты (мусорды) өртеу әдісі арнайы пештерде жүргізіледі,
оның температурасы 600-1200 °С. Бұл әдіс экономия жағынан
тиімді емес, сондықтан тек қана аса қауіпті аз мөлшердегі
қалдықтар өртелінеді.
VI бөлім. Емдеу-алдын алу мекемелерінің гигиенасы (аурухана гигиенасы)

Аурухана ішілік орта факторларының науқастар мен медицина қызметкерлеріне әсерін зерттеп, науқастардың ауруханада болу жағдайын жақсартуға, емдеу үрдістерін нәтижелі жүргізуге, медицина қызметкерлеріне қолайлы еңбек жағдайын жасауға бағытталған гигиеналық нормативтер, талаптар, ережелер дайындайды.


Емдеу-алдын алу мекемелері – бұл, халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін және алдын алу шараларын жүзеге асыратын медициналық мекемелер жүйесі.Атапайтқанда, оларға науқастарды стационарлық емдеуге арналған әр түрлі саладағы аурухана мекемелері, амбулаторлық-емханалық мекемелер мен диспансерлер (туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық, психо-неврологиялық, т.б.). перзентханалар, балалар және әйелдер консультациялары, жедел жәрдем беретін емдеу мекемелері, шипажай-курорттық мекемелер және т.б. жатады.
Аурухана – денсаулық сақтау қызметінің негізгі емдеу-алдын алу мекемесі. Мұнда ауру түрін анықтау, емдеу, алдын алу және қалпына келтіру шаралары, сонымен қатар, дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің мамандығын жоғарылату және халықты санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі.
Науқастар үшін аурухана, тек қана ем қабылдайтын мекеме емес, сонымен қатар олардың уақытша болатын орны. Үйде қалыптасқан үйреншікті стереотиптің ауруханадағы басқа тәртіпке ауысуы, сырқатына байланысты хал-жағдайының нашар немесе ауыр болуы, әр түрлі мүшелері мен жүйелерінің функционалдық жағдайының бұзылуы, гипоксия және гиподинамия жағдайлары науқастардың көптеген тітіркендіргіштерге сезімталдығының жоғары болуына ықпал етеді. Олардың қоршаған орта факторларының әсеріне, оның ішінде, жұқпалы ауруларға қарсы тұру мүмкіндігі төмендейді, бұл аурухана ішілік инфекцияның дамуы мен аурулардың асқыну қаупін жоғарылатады.
Сондықтан, науқастарды стационарлық емдеудің жетістігі, көбінесе олардың ауруханада болу жағдайымен байланысты. Жарық, кең, таза палаталар, бөлмедегі таза ауа, тыныштық, құнды және дәмді тамақтану, жеткілікті ұйықтау, күнделікті душ және ванна қабылдау, ағаш, талдардың арасында серуендеу мүмкіншілігі емдеу үрдісінің өзінен емдік маңыздылығы кем емес факторлар болып табылады. Белгілі орыс терапевті В.А.Манассеин (1841-1901) : «терапия –бұл, біріншіден, ауру адамның гигиенасы, егер науқасқа қажетті гигиеналық жағдайлар жасалмаса, онда ол дәрменсіз»-деген.
Аурухана мекемелерін жоспарлау, науқастарды орналастыру, ауруханаларды жабдықтау және күтіп ұстау жөніндегі гигиеналық талаптардың сақталуы да, қазіргі кездегі әлемнің көптеген елдеріндегі өзекті мәселе болып отырған аурухана ішілік инфекциялардың алдын алудың қажетті шарттары болып табылады. Және де бұл мәселе, бұрыннан емдеу үрдісімен қатар келе жатқан фактор ретінде, тек қана жұқпалы аурулар, хирургиялық және босану бөлімшелерінде ғана емес, басқа да барлық бөлімдерге қатысты.
Қазіргі кездегі аурухана ортасының және медицина қызметкелерінің кәсіби іс-әрекетін орындауымен байланысты факторлары медицина қызметкерлерінің денсаулығына да әсер етеді. Мұндай факторларға, мысалы, шамадан артық психоэмоционалдық жүктемелер, статистикалық және динамикалық дене жұмысының жүктемелері, түнгі қызмет, инфекция жұқтыру мүмкіншілігі, иондаушы және иондаушы емес электромагниттік сәулеленулердің, ультрадыбыстың, қолайсыз микроклимат жағдайларының, ауаның ластануының, т.б. әсерлері жатады. Еңбек жағдайының жақсы, салауатты болуы, медицина қызметкерлерінің денсаулығын сақтау ғана емес, сонымен қатар, өздерінің мамандығына байланысты міндеттерін нәтижелі атқаруы үшін де маңызды.
Медициналық көмек көрсету деңгейі медицинаға ғылымның жаңа жетістіктерін енгізумен түйіндес болып келеді. Бірақ, көптеген жаңа емдеу мен диагностика әдістері және оларды аспаптармен қамтамасыз ету, гигиеналық талаптарға сай келетін жағдайлар жасауды талап етеді. Мысалы, лазерлерді медицина практикасына енгізу, олармен жұмыс істеу үшін бөлек бөлмелердің болуын және қорғаныс шараларының сақталуын талап етті, магниттік-резонанстық диагностиканы қолдану – құрылыстық-жоспарлау шешімдерін және т.б. қажет етті.
Сонымен, ауруханаларды жоспарлау, құрылысын салу және жұмыс істеу кезінде, ауруханаларды гигиеналық тұрғыдан аббаттандыру сұрақтарын тиімді шешу үшін, келесі қағидаларды іске асыру керек:
1. Стационарда науқастардың болуына қолайлы жағдай туғызу, емдік-қорғаныс тәртібін қамтамасыз ету;
2. Аурухана ішілік инфекцияларды болдырмау;
3. Тиімді емдеу үрдістері мен алдын алу шараларын жүргізуге асыру үшін жағдай туғызу;
4. Медицина қызметкерлері үшін қолайлы еңбек жағдайын жасау;
5. Рационалды тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
6. Ауруханада жаңа емдеу, диагностика әдістерін, жаңа аспаптар мен жабдықтарды енгізу үшін жағдай қамтамасыз ету;
7. Ауруханада медицина кадрларын дайындауға мүмкіншілік туғызатын жағдайларды қамтамасыз ету;
8. Науқастар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу және салауатты өмір салтын насихаттау үшін жағдайлар туғызу.
Бұл қағидалардың бәрін орындау үшін, ауруханаларды жоспарлау мен салудың бірінші кезеңдерінде-ақ негіз қаланады: ауруханаларды орналастыратын жерін, жер телімін таңдау, құрылыс жүйелерін таңдау, аурухана мекемелерін жобалау кезеңдерінде. Қағидалардың жүзеге асырылуы келесі кезеңдерінде де жүргізіледі – бөлімшелерді орналастыруда, ішкі жоспарлау және қайта құру шешімдерінде, керек - жарақтармен жабдықтауда, санитарлық-техникалық безендірілуінде, ғимаратты жабдықтауда және жұмыс істеп тұрған аурухана мекемесін санитарлық жағынан күтіп ұстауда.
Ауруханада гигиеналық жағынан қолайлы жағдай туғызу мүмкіншілігі аурухана учаскесінің орналасқан жеріне және басқа да ерекшеліктеріне көп байланысты. Жалпы соматикалық ауруханаларды қала ішінде, қызмет көрсететін халыққа жақын орналастыру лайықты, өйткені олар тек жоспарлы түрде ғана емес, сонымен қатар, жедел медициналық көмек те көрсетеді. Қаланың шетінде немесе сыртында режимі айрықша стационарларды (туберкулездік, психиатриялық және тері-венерологиялық ауруханаларды), науқастарды амбулаторияда қабылдамайтын, ірі, сиымдылығы 1000 төсектен артық, мамандандырылған орталықтарды, сауықтыру мекемелері мен реабилитация орталықтарын орналастырады. Аурухананы елді мекеннің шетінде немесе қала маңайында орналастырғанда, өлшемі жеткілікті, шу, шаң және басқа ластаушы көздерден алыс, көк алаптың жанындағы жер телімін таңдау оңай. Бір жағынан, қосымша емдік фактор ретінде қолайлы табиғи жағдайлар туса, екінші жағынан, кейбір аурухана мекемелерін қызмет көрсету түрлеріне байланысты бір-бірінен оқшау орналастыру жеңілдейді. Мұндай ауруханалардың селитебтік зоналардан ара қашықтығы 1000 м кем болмауы керек. Амбулаториялық–емханалық мекемелерді қаланың әрбір ықшам ауданында, адамдар жаяу жететіндей жерлерде орналастырады.
Аурухананың жер телімі шу, ауаның химиялық және биологиялық ластаушы көздерінен - өнеркәсіп кәсіпорыңдарынан, магистралды жолдардан және темір жолдардан, аэропорттардан, стадиондардан, мал шаруашылық және кұс өсіретін фермалардан, қоқыс төгетін жерлерден, ассенизация алаңдарынан, қалдықтарды пайдаға асыру және жағу зауыттарынан едәуір қашықтықта, жел жағында болуы тиіс.
Аурухана мен осы ластаушы көздердің арасындағы санитарлық-қорғаныш аймағының ара қашықтығы нормативтік құжаттарға сәйкес, ластағыштардың зияндылықтарына байланысты, 50-1000 м аралығында орнатылады. Жекеше автокөліктерге арналған тұрақтардың аурухана аумағынан қашықтығы 40 м кем болмауы керек.
Учаскені таңдау кезінде, аурухана аумағындағы шудың деңгейі күндіз - 45 дБ, түнде – 35 дБ аспауы, ал, кеңінен таралған ауаны ластаушылардың: азот оксидінің, күкірт ангидридінің, аммиактың, көмір тотығының, күйенің ауадағы концентрациясы ШРЕК-тен аспауы керек. Ауруханаларды бұрын қоқыс төгілген жерлерге, мал қорымы, зираттар және топырағы химиялық заттармен, радионуклидтермен ластанған, эпидемиялық тұрғыдан қауіпті жерлерде орналастыруға тыйым салынады.
Ауруханалардың құрылысын топырағы құрғақ, күн сәулесі жақсы түсетін, ағашты, көгалды, биіктеу жерде салған жақсырақ. Жайпақ, оңтүстікке бағытталған беткейде болған жағдайда, учаскенің инсоляциясы жақсарады, атмосфералық сулардың табиғи ағыны жеңілдейді. Грунт суларының деңгейі жер бетіне 1,5 м жақын болмауы керек. Учаскеге көлік кіріп-шығатын жолдары ыңғайлы болғаны дұрыс және аурухананы техникалық, санитарлық-техникалық жағынан (сумен және электрмен қамтамасыз ету, канализация, т.б.) рационалды жабдықталу мүмкіншілігі қамтамасыз етілуі керек.
Жер учаскесінің аумағы жеткілікті болуы керек, өйткені, аурухана ғимаратының, шаруашылыққа арналған құрылыстарының, олардың ара қашықтарының, көгалдандыру ауданының, өтпелер мен көлік жолдары ұйымдастырылуының талаптарға сәйкес орналасуы, учаскенің ауданына байланысты анықталады. Аурухананың жер учаскесі, ондағы төсек санына, құрылыс жүйесіне және саласына байланысты. Қазіргі кездегі ауруханалардың құрылыс жүйесінде 1 төсекке аумағының 100-150 м2ауданы келу керек.Төсек саны көп болған сайын, 1 төсекке есептеліп бөлінетін жер ауданы азая береді. Орталықтандырылмаған құрылыс жүйесі, орталықтандырылған құрылыс жүйесіне қарағанда, үлкен жер ауданын талап етеді. Жұқпалы аурулар, туберкулездік және онкологиялық ауруханалар, қайта қалпына келтіріп емдеу ауруханалары өте үлкен жер учаскесін қажет ететіндіктен, оларды қала маңында орналасырады.
Жер учаскесін рационалды жоспарлау, ауруханаларды гигиеналық жағынан абаттандырудың көптеген жақтарын қамтамасыз етеді. Емдеу-алдын алу мекемесін өз жер учаскесінде орналастыру жоспары болып табылатын аурухананың бас жоспары , жобалау кезеңінде - ақ учаскені, бір-бірінен айырмашылығы бар, бірнеше функционалдық зоналарға бөлуді қарастырады:
1. емдеу корпустарының, жұқпалы емес және жұқпалы ауруларға арналған;
2. бау-саябақ;
3. әкімшілік-емхана;
4. патологиялық-анатомиялық корпустың;
5. шаруашылық-құрылыстар зонасына;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет