Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет50/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

5.6. Топырақтың ластануы және өздігінен тазаруы




Топырақ өсімдіктердің қалдықтарымен және құстардың,


жануарлардың, сүтқоректілердің нәжістерімен, құрттардың
тұқымдарымен, дернәсілдерімен, микроағзалармен ластанады.
Халық тұратын жерлерде бұларға тұрмыс қалдықтары
қосылады. Осының барлығы топырақта өздігінен тазару
құбылысы болып тұрмаса өте зиянды болған болар еді.
Топырақтың өздігінен тазаруы күрделі, ұзақ мерзімге
созылатын биологиялық құбылыс. Ол қалай өтеді? Органикалық
заттар ыдырап суға, көмірқышқыл газына, минерал тұздарына
және шіріндіге айналады, зиянды заттардың барлығы өледі.
Топырақ ластанғанда сұйық бөлігі жерде сүзіледі,
органикалық қалдықтар, микроағзалар және ішек құрттарының
тұқымдары жерде қалып қалады және сонда енеді, минералдану
құбылысы басталады. Минералдану оттегімен және оның
қатысуынсыз жағдайда өте алады.
Оттегінсіз өткен жағдайда органикалық заттар шіріп, одан
жаман иіс шығады. Сондықтан оттегінің жетіп тұруына жағдай
туғызу керек, ол үшін қалдық қалың үйіліп қалмауы жөн.
Қалдыққа оттегі қосылғанда микрооағзалар көмірсуды
көмірқышқыл газы мен суға ыдыратады. Ал оттегі қатыспаса
бұлардан басқа метан және жаман иісті газдар пайда болады.
Өсімдіктердің талшықтары метандық ашуға өтеді, сүйтіп газ
бен су пайда болады. Олардан гуминді (шірінді) заттар да
шығады.
Майлар глицерин мен май қышқылдарына ыдырап болған
соң (оттегінің қатысуымен) көмірқышқыл газы мен суға айналады.
Ал оттегінің қатысуынсыз майлар иісі жаман жеңіл май
қышқылдарына өтеді.
Ақуыздың ыдырауы 2 жолмен жүреді.
1. Аммонификация сатысында ақуыздар
аминқышқылдарына ажыратылады да аммиак пен оның тұздары
пайда болады. Бұл өзгерістер оттегіні керек етпейді. Мочевинаның
амминификациялануы уробактериялармен және басқа
микробтармен іске асады.
Оттегіні қажет етпейтін микробтардың қатысуымен
ақуыздардан иісі өте жаман индол, меркаптан, жеңіл май
қышқылдары, күкірт сутегі бөлінеді.
2. Оттегінің қатысуымен бірінші сатыдағы ыдыраумен
қатар екінші сатыдағы бөлшектену бірге жүріп отырады. Мұны
нитрификация сатысы деп атайды.
Оттегіге мұқтаж микроағзалардың арқасында ақуыздардан
нитраттар, сульфаттар, фосфаттар, карбонаттар да пайда болады.
Оларды өсімдіктер бойына сіңіріп отырады. Демек, органикалық
заттардың ыдырауынан минералды заттар пайда болады да
оларды өсімдіктер азық ретінде пайдаланады. Осылайша әлемде
тоқтаусыз құбылыс жүреді. Нитрификация -3° пен +56° С
жағдайда тоқтап қалады.
Топырақта органикалық заттардың үздіксіз ыдырауымен
қатар органикалық заттардың қорытылуы да байқалады, соның
арасында микроағзаларға қажет ақуыздық заттар болады.
Органикалық заттардың ыдырауының ең соңында топырақта
шірінді пайда болады, бұл, әрине, микробтардың қатысуымен
болғаны белгілі. Шіріндінің құрамында гемицеллюлоза, майлар,
органикалық қышқылдар, минералды заттар және ақуызды
қоспалар бар. Шіріндіде сапрофитті микробтар көп, ол жақсы
тыңайтқыш, баяу ыдырайды.
Санитарлық тұрғыдан қарағанда гумус (шірінді) өзінің
құрамында органикалық заттары болғанымен одан ары
ыдырамайды, жаман иісі болмайды, оған шыбын да қонбайды.
Осымен қалдықтардың қауіптілігі тоқталады.
Топырақтың өзіндік тазарылуына әсер ететіндер:
- жерде болатын бактериофаг пен дәрі-дәрмектер;
- күннің сәулелері;
- жердің қурап кебуі;
- жер қыртысының аударылып шабылуы,
Жердің осындай тамаша қасиеттерін біздер санитарлық
жағдайға тиімді пайдалана аламыз, мысалы, қалдық суларды және
қатты қалдықтарды тазарту үшін жерде биофильтрлер
жасалынады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет