Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет48/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   167

5.2. Жердің химиялық құрамы, геохимиялық эндемиялар




Жердің құрамында (суда да) кейбір химиялық элементтердің


аз немесе көп болып келетін аймақтарды биогеохимиялық
провинциялар деп атаймыз. Жерде аз болған химиялық зат суда
да, өсімдікте де, мал тағамдарында да кем болып келеді.
Жерде йодтың аздығынан жемсау ауруы, фтордың көптігінен
флюороз кеселі пайда болады. Молибденнің көп болуынан
эндемиялық подагра туындайды, стронцийдің мол болуынан -
острео- және хондродис-трофия, селеннің көп болуынан - бауыр
ауырады.
Биогеохимиялық ауруларды болдырмау үшін мынадай
шараларды іске асыру керек:
- жерге немесе малдарға жетпейтін химиялық заты мол
қосымша тағам беру керек;
- халықтың тағамдарының түрлерін мейлінше дұрыс
ұйымдастыру керек;
- сырт жерлерден басқа тағамдардың түрлерін көбейту
керек;
- тұзға немесе нанға жетпейтін заттарды қосу керек;
- судағы фтордың артық мөлшерін азайту керек, кем
болса қосу керек.




5.3. Жердің химиялық заттармен ластануының гигиеналық маңызы


Ғылыми-техникалық жетістік жердің түрлі химиялық және
радиобелсенді заттармен ластануына душар етті. Сыртқы ортадан
немесе жерден ағзаға түсу жолдары былайша:
- жер - адам;
- жер - ауа - адам;
- жер - жер асты суы - адам;
- жер - ашық сулар - адам немесе жер-ашық сулар-планктон
(немесе су өсімдіктері-балықтар адам);
- жер - өсімдік тағамдары - адам;
- жер - өсімдіктер - жануарлар - адам.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет