Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет87/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   167
Қуырылған тағамдар. Күнбағыс майы мен маргаринде қуырылған тағамдар пайдалы қасиеттерінен айрылады, сонымен қатар канцерогендерді таратады. Оған қоса, қуыру кезінде өнімдегі табиғи су майға айналады, бұл тағамның калориясын арттырады. Өнімдерді сәл қуырып, кейін пеште (духовкада) пісіріп алса керемет болатын еді.



9. Тәттілер. Зиянды тәттілердің қатарына мармелад, шайнап жейтін конфеттер мен леденцыларды жатқызуға болады. Бұлар бір тілім торттан да зиян. Олар көбіне жасанды бояғыш заттар мен ароматизаторлардан тұрады. Тәтті жегіңіз келсе, бал, кептірілген жемістер немесе қара шоколадты таңдаңыз.



10. Ақ нан. Бұған барлық ұн тағамдарын қосуға болады. Жаңа піскен нан мен бәліштер өте дәмді, бірақ олардың құрамында пайдалы ештеңе қалмайды. Өйткені, нан жасайтын ұн барлық құнарлы өзектерінен айрылған. Сондықтан дәнді-дақылды нан көбірек пайдалырақ.



7.24. Ақуыз жетіспеушілігі


Ақуыз жетіспеушілігі балаларда ұзақ уақыт тұрақты тамақтанудың жеткіліксіздігінен көрінеді (ет, сүт т.б.). Сонымен қатар ас қорытылуларының бұзылу құбылыстары ақуыз жетіспеушілігіне байланысты 2 синдром анықталған: Квашиоркор және маразм.


Квашиоркор
Квашиоркор біріншілік ақуыз жетіспеушілігі нәтижесінде дамиды және физикалық дамудың кешеуілдеуімен, гипоальбуминемиямен, таралған ісікпен, терінің пигменттік бұзылыстарымен, ішектің сіңіру құбылыстарының бұзылуымен және психикалық өзгерістерімен сипатталады.
Сондықтан квашиоркордың екінші аты балалар пеллаграсы, гидрокохексиясы Африка елінде, Орталық және Оңтүстік Америкада, Индияда кеңінен тараған. Әдетте бұл ауру емізулі баланы емшектен шығарған кезде дамиды.
Тағам құрамында ақуыздың аздығы және ас қорыту бездерінің секреторлық қызметтерінің бұзылыстары қан плазмасындағы альбуминнің құрамы азаюына әкеледі, себебі плазмада азоттық тепе-теңдіктің жоқтығы мен онкотикалық қысымның төмендеуі себеп болады.
Аяғында жасушалардың гипергидратациясы дамиды, ісіктер пайда болады. Теріде, әсіресе аяқтарда және бетте гиперкератоз және терінің қабыршақтануы байқалады, ал ауыр жағдайда эпидермистің түсуі болады. Шаштары тіке түзіледі, түсі өзгереді, сарғаяды. Ал кей кезде шаштары толық түссізденеді. Одан кейін әр жерде жергілікті түсуі байқалады.

Асқазан-ішек бұзылыстары, іштің ұлғаюы, гепатомегалия, анемия, лимфопения, иммундық жауаптың депрессиясы, әсіресе Т-жасушаларда байқалады. Квашиоркордың жеңіл түрі тек бауырдың ұлғаюымен, гипоальбуминемиямен және үлкен емес ісіктермен өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет