Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Цинганың алғашқы даму кезеңінде клиникалық белгісі



бет100/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

Цинганың алғашқы даму кезеңінде клиникалық белгісі анық көрінбейді, тек қана анорексия, дене салмағының жоғалуы, апатия байқалады. Аурудың дамуынан анемия пайда болады, кейде мегалобластты, ағзада фолий қышқылының түзілуінің төмендеуімен байланысты. Аурудың нағыз қызған кезінде тістің қызыл иегінің зақымдануы – гингивит, геморрагиялар, геморрагиялық диатездер, әсіресе теріде көрінуі (петехиялар, экхимоздар) байқалады. Сонымен бірге гемартроздарға тән болатындар сүйек алды, бұлшық ет аралық қанның ағуы, тістің қызыл иегінен қан кету, тістің түсуі, жараның нашар жазылуы.
С дәруменінің үлкен мөлшері жеңіл антигистаминді эффект береді, зәр шығару жолында оксалатты және уратты тастардың түзілуінің орналасуын жоғарылатады, аш ішек безінің сорылуын күшейтеді, ағза бездерін шамадан артық пайда болуын, ацетил салицилді қышқылмен асқазан жарасын емдеу барысында дамуын реттейді.
Биотин В дәрумендер тобына жататын тағамдардың құрамына кіреді (ашытқыда, бауырда, бүйректерде, бұршақтарда). Дәруменнің болмауы байқалмайды. Азық-түлік тағамдарында биотин байланысқан жағдайында болады, сонымен ас қорыту сөлі ферменттерінің әсерінен ыдырайды.
Пантогенді қышқыл кофермент А құрамына кіреді. Ашытқыда, жұмыртқа сары уызында, бауырда пантогенді қышқылы өте көп кездеседі.
Пантогенді қышқылының жетіспеушілігі жүйке жүйесінің дегенерациясына және асқазан жараларына ұшыратады.


8.4. Микроэлементоздар


Микроэлементтер – адам ағзасында өте аз мөлшерде болатын химиялық элементтер тобы. Табиғатта кездесетін 92 элементтің 81-і адам ағзасында бар. Олардың 15-і тіршілікке өте қажеттілері: темір, йод, мыс, мырыш, кобальт, молибден, никель, хром, ванадий, селен, марганец, мышьяк, фтор, кремний, литий, (2 кестеде көрсегілген)


Микроэлементтер өте ертедегі күрделі физиологиялық жүйенің бөлігі болып табылады, адам ағзасында өмірлік қызметтерді реттестіреді. Биогендік микроэлементтер ферменттердің, дәрумендердің, гормондардың құрамына кіреді. ДНҚ және РНҚ полимеразы металлоэнзим болып табылады. Оның құрамында мырыш, оксидаз қатары мыс түзеді. Инсулин гормонының ең маңызды бөлімі – мырыш, тироксин гормоны – йод.
Микроэлементтердің бірінші жетіспеуі, оның тағамда жетіспеуімен байланысты, ол йодқа ғана тән. Біріншіден, йод тағамда жетіспегенде зоб ауруымен ауырады, екіншіден мырыш үшін мыс, селен, йод және олардың сіңірулерінің бұзылуымен қатар олардың қажеттілігін күшейтеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет