Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет98/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   167
В6 ДӘРУМЕНІ
В6-дәрумені (пиридоксин) аминқышқыл мен гликолипо-протеидтердің алмасуында маңызды роль атқарады. Біршама жетімсіздік В6 дәруменінің жетіспеуі клиникалық және анатомиялық тұрғыдан анық байқалмайды.
Пиридоксин – орталық жүйке жүйесінде қалыпты түрде қызметтеуде, қан түзілуде, өсу құбылысында, қан жасалуда және жүйке жүйесінің қалыпты қызметінде маңызды рөлін атқарады. Пиридоксиннің толық қайнар көзі – ет, бауыр, балық, жұмыртқа, нан, картоп, сәбіз болады. Сонымен бірге ол басқа дәрумендерге қарағанда үлкен дәрежеде ішек микрофлорасын синтездеуде басым болып келеді. В6 дәруменінің алғашқы жетіспеуі асқазан-ішек жолы ауруында, әсіресе ішектің жұқпалы ауруында, ішкілікте дәрі-дәрмектерді ұзақ уақыт және сульфаниламидті көп мөлшерде қабылдаған жағдайда байқалады.

Пиридоксиннің эндогендік синтезі туберкулез ауруына қарсы препараттарды ұзақ уақыт қабылдаған жағдайда да болады.
В6 дәруменінің жетіспеуі дерматиттің, глосситтің, хейлиттің дамуына апарып соқтырады. Жаңадан туылған нәрестелердің және балалардың бойының өсуінде тежелу, диарея, анемия перифериялық нейропатия (ми жүйесі), эпилептиформды т.с.с. тырысу байқалады.
Пиридоксинді жоғары мөлшерде қабылдау сенсорлы нейропатияның дамуына алып келеді.


В12 ДӘРУМЕНІ
В12 дәрумен (фолий қышқылы) – бұл қышқыл суда нашар ериді, бірақ қыздырған кезде жақсы ериді. Фолий қышқылы ашытқыда, бауырда, саңырауқұлақтарда, капустада көп мөлшерде кездеседі. Жемістердің құрамына кіретін фолий қышқылы қайнатқанда толық жойылады. Әйелдердің жүктілік кезінде фолий қышқылына деген мұқтаждығы көбейеді. Фолий қышқылының анемияға қарсы қабілеттері бар және қан түзілуді реттейді. Жетіспеуі жасушалардың дұрыс түзілмеуіне, сүйек ми эритроциттеріне әсер етеді. Нәтижесінде қан айналым жасаған кезде қанда ірі аномальды (кемістік) эритроциттер пайда болады.

Фолий қышқылының жетіспеуінің алғашқысы тек қана етсіз тамақтанатын адамдардың арасында байқалады, осы дәруменнің негізгі көзі – мал ақуыздары. В12 дәрумені жетіспеушіліктің екіншісі ішекте сорғыштың бұзылуынан асқазан, ішек жолы ауырған кезде гастромукопротеинді секреция түскенде дамиды.
В12 дәруменінің эндогенді және экзогенді жетіспеуінің себебі гиперхромды анемияның мегалобласты дамуы. Фолий қышқылының жетіспеуі жүкті әйелдерде тағамның жетіспеуінен, жиі құсу және ұрықтың В12 дәруменіне жоғары сұраныстан дамуы мүмкін. Бұл дәруменнің жетіспеуі маскүнемдерде де байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет