Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет18/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

Синоптикалық фронт дегеніміз жылы ауа мен суық ауаның
алмасқан кездегі уақыты. Мұндай уақыт 1-6 сағаттан бір тәулікке
дейін созылуы мүмкін. Ағзаның реакциясы синоптикалық
фронттың алдында 1-2 күн бұрын немесе одан кейін байқалады.
Әдетте жүйке жүйесі әлсіреген кісілер бұған қатты реакция береді.
Ағзаның ауа райының өзгеруіне қарай жауап беруіне себепті
жағдайлар:
- ауа райының тез ауысуы;
- суық және жылы фронттардың өтуі;
- циклон мен антициклонның орнығуы;
- магнит өрісінің өтуі.


Осы себептердің барлығының ағза үшін тітіркендіргіштік
маңызы бар, оларды дәрігерлер әрдайым есте ұстауы керек және
ауруды болдырмау шараларын іске асырып отыру қажет. Ағзаның
ауруға қарсы тұру қабілетін арттыру жолдарына (ауа райының
әсер етуіне байланысты) мына шаралар жатады:
- ағзаны шынықтыру;
- үйде және жұмыс орнында микроклимат режимін дұрыс
ұйымдастыру;
- жеке бастың гигиенасын сақтау;
- ауа райының және маусымның өзгеруіне байланысты киіне
білу; - жұмыс және демалыс режимін сақтау;
- тамақтануды дұрыс ұйымдастыру.




1.9. Аклиматизация




Осы көрсетіліп отырған шаралар ағзаның жаңа жағдайға


бейімделуіне де тиімді болып тұрады. Бейімделу дегеніміз
ағзаның өзін қоршаған жаңа ортаға сай жаңа стереотипке ие болу
және физиологиялық жүйелердің қалыптан шықпауы.
Теріскей жаққа келген адамдардың сыртқы ортаға жақсы
бейімделуі үшін іске асырылатын шаралар:
- тұрмыс және жұмыс жағдайын жақсарту;
- тамақтануды дұрыс ұйымдастыру;
- суыққа және желге төтеп бере алатындай киіне білу;
- ағзаны шынықтыру;


- халыққа қосымша дәрумендер беру;
- емдік және сақтандыру шараларын тиімді пайдалану;
- үйдің ауасының температурасын 22 °С-тан
төмендетпеу.
- үй аралықтарын бір-бірінен аса қашықтатпау, ық болу
үшін;
- үйдің терезелері теріскейге қарамау керек;
- биологиялық әсері мол жасанды жарықты кең
пайдалану;
- қараша мен көкек айларының аралығында халықты
ультракүлгін сәулемен қақтау, балалар үшін қосымша
инфрақызыл толқынды пайдалану;
- ашық ауада қыдыруды, қимылды ойынды, спорт
сабақтарын желден қорғанған төбесі жабылған арнайы алаңдарда
өткізу;
- жұмыс істеу уақытын және демалуды дұрыс режимге
келтіру;
- жеке бастың гигиенасын сақтау;
- киімнің ішкі жағын терімен (жүнмен), сыртқы жағын
ауаны шығаруға кедергі келтірмейтін материалдан жасау; киімді
кең кию, аяққа тері-жүнді шұлық кию, басқа малақай кию,
костюмге капюшон жасау, көзілдірік кию, т.б.
Күнгей ыстық жаққа келген адамдардың сыртқы ортаға
жақсы бейімделуін көздейтін шаралар:
-көк шаймен шөл қандыру, жеміс шырындарын пайдалану;
- таңертеңгілік және түскі қуатын 25 %-дан, кешкі тамақтың
қуатына 50% жобалау, жалпы тамақтануды дұрыс ұйымдастыру;
- жұмыс уақтысын 7-13 және 18-21 сағат аралықтарында
өткізу;
- үйдің қабырғасының қалыңдығын 55-60 см ету,
терезелерін күнгей мен теріскейге қарату, басқа да көлеңкелегіш
шараларды іске асыру;
- үйлерді бір-біріне тығыз орналастырмау;
- үй ауасының температурасын 17-18 °С ұстау;
- киімді оңай дем алатынынан, көлеңкелісін, ашық
түстісін пайдалану, аяқ киімді табаны қалыңын кию.
Таулы жерлерде тұратын халықтардың немесе сол жерлерге
келетін адамдардың бейімделуіне қажетті шараларға жаттығу,
шынығу және ағзаның қорғаныс қабілетін арттыру жатады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет