Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет14/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

Ауыр түрінде - температураның тез 40°С-дан асуы,
артериялық қысым түсуі, қан құрамы өзгеруі, ұстамалар, талу
болады. Ауыр түрде күн өту (тепловой удар) ыстық соққы деп
аталады. Одан өлу немесе комаға түсуі мүмкін.
Төменгі температурада тері температурасы төмендейді.
Жергілікті және жалпы суы баспа, жоғарғы тыныс алу жолдары
қатары, өкпе қабынуы (пневмония) неврит, миозит, радикулитке
алып келеді.
Төменгі температурадағы жоғарғы ылғалдық ауаның жылу
өткізгіштігін арттырып, оның салқындаушы қасиетін арттырады.
Ылғалдылық
Абсолютті ылғалдылық 1 м3 көлемдегі ауа су буларының
(грамдағы) саны.
Максималды ылғалдығы - қанығу уақытындағы 1 м3
көлемдегі ауа су буларының саны. Салыстырмалы ылғалдылық -
абсолютті ылғалдылықтың максималды ылғалдылыққа қатынасын
айтамыз (%-пен алғанда).
Қанығу жетіспеушілігі - максималды ылғалдылықпен
абсолютті ылғалдылық арасындағы айырмашылық.
Шық тамшысы - бұл абсолютті ылғалдылықтың
максималды ылғалдылыққа тең болуы. Ылғалдылықты анықтау
үшін психрометр және гигрометр қолданады. Гигрометр арқылы
ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтайды. Ауаның жай
жылдамдығын анықтау үшін кататермометр, ал үлкен
жылдамдықты анықтау үшін анемометрлер қолданады.
Атмосфералық қысым
Жердің тарту күші ауаны жерге тартады, сөйтіп қысым пайда
болады. Теңіз деңгейінде қысым тең 101,3 КПА (760 мм с. б.б.
және 1 атмосфера). Сыртқы қысым ішкі қысыммен тең, сондықтан
біздің ағза атмосфера ауырлығын сезбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет