Төменгіатмосфералыққысым.Онымен адам ұшақпен
ұшқанда, тауға шыққанда кездеседі. Жоғары шығу және бөлу
ағзаға төменгі барометрлік қысым мен төменгі парциалды
қысымды газдар бірінші болып оттегі әсер етеді.
Осы факторлар симптоматикалық жиынтықтау ауруына
әкеледі. Оны дамытуда оттегімен шынығу маңызды роль
атқарады.
Орталық жүйке жүйесі - іс әрекеті бұзылғандықтан шаршау,
ұйқышылдық, бас ауру, қимылдың бұзылуы, тежеулік, апатия
немесе депрессияға алып келеді.
Төменгі атмосфералық қысым жағдайына тұрақты болу үшін
акклиматизация қажет, акклиматизация шараларына барометрлік
камерада дайындалып шынығу, жоғарғы бөліктерде жүруге
үйрену жатады.
Жоғарыатмосфералыққысым. Бұл жағдайды белгілі бір
топтағы адамдар сезінеді, сүңгуірлер, су асты, жер асты
жұмысшылары. Жоғары атмосфералық қысым жағдайында жұмыс
істеу арнайы скафандрлерде, камера-кессондарда жүреді.
Кессондарда жұмыс істеу үш кезеңдерге бөлінеді:
1. Компрессия.
2. Жоғары атмосфералық қысымда жүру.
3. Декомпрессия.
Компрессия кезеңдерінде аз қызмет етуші бұзылыстармен
сипатталады: құлағы шулау, бітіп қалу, барабан жарғағының
ауруы.
Декомпрессия кезеңдерінде қарама-қарсы құбылыстар
жүреді: ұлпалардан газ шығарылу (десатурация). Дұрыс жасалған
декомпрессияда ерітілген азот өкпе арқылы ұшып шығады (1 мин.
- 150 мл азот). Жедел декомпрессияда азот еріп үлгермейді де
қанда, ұлпада көпіршік түрінде қалып қояды. Көп жағдайда олар
жүйке жүйесінің ұлпасында және тері асты өзегінде жиналып
қалады.
Осы жерден ол тарап, қан тамырына түсіп газды эмболия
тудырады (кессон ауруы). Орталық жүйке жүйесі тамырларының
эмболиясында бас айналу, сөйлеу, жүру, бас ауру, дірілдер
болады. Ауыр жағдайларда аяқ қолдар парезі, зәр бөлудің
бұзылуы, өкпе закымдалуы, көз, жүрек зақымдалулары орын
алады.
1.7.Күнрадиациясыжәнеоныңбиологиялықәсері. Ультракүлгінжетіспеушілігініңалдыналу Күн сәулелері (солнечная радиация) - жер бетіне 1%
ультракүлгін тармағы болып, 59 % инфрақызыл және 40% көзге
көрінетін бөлігі болып жетеді. Айта кету керек, күн сәулелерінің
өзгеріп келуіне атмосфералық ауаның тазалығы, ауа райының
жағдайы көп әсер етеді.
Күн сәулелерінің қуаты ағзаға фотобиологиялық әсер етеді.