1.10. Ауаның ластануы
Атмосфералық ауаның құрамында жеңіл ілесіп жүретін
табиғи және жасанды шаң-тозандар болады. Олардың табиғи
түріне космостық тозаң, вулкан топырағы, жердің шаңы, теңіз
шаңы және орман өртінен шыққан шаңдар жатады.
Космос тозаңы метеориттердің жануынан шығады, өте ұсақ,
жерге баяу отырады, мөлшері өте аз (0,0001 %).
Вулкан топырағы көп аумақты қамти алады және ауада ұзақ
уақыт ілесіп жүре береді. Сондықтан ол ауаны ластауда көп территорияға жайылады, бірақ вулкан атқылауы сирек
болатындықтан адам үшін аса қауіпті емес.
Ауаның ластануына топырақ пен сімдік тозаңдары кең әсер
етеді. Ауадағы топырақ шаңы 70-80% кремний тотығы бар
минерал қоспалардан тұрады. Өсімдік тозаңдары денсаулыққа
айрықша зиянды болып келеді, өйткені ағза аллергиялық жағдайға
душар болады (поллиноз, ринит, т,б.).
Ауа шаң-тозаңдардан тазарып тұру қабілетіне ие, бұған
ауаның конвекциялық қозғалысы жәрдем береді. Ауаның
тазаруына ірі-ірі шаңдардың өздігінен отыруы (седиментация),
жаңбыр мен қардың жаууы көмектеседі.
Ауаның табиғи ластануынан жасаңды (антропогендік)
ластануы қауіпті. Егер XX - ғасырдың басында өндірістік орындар
ауаға 19 табиғи элемент бөліп шығарса, қазіргі кезде олардың
саны 100-ден асып кетті, көпшілігі өте улы, ағзаға
гонадотоксикалық, эмбриотоксикалық және канцерогендік зияны
бар.
1.11. Желдету және оның гигиеналық маңызы
Мекеменің желдетуінің денсаулық сақтауда және көптеген
аурулардың алдын алуда маңызы зор. Бөлмедегі ауа әруақыт
адамның тыныс шығару кезінде бөлетін СО2-мен, термен, киімдегі
органикалық заттармен, полимер материалдардан бөлінетін
химиялық заттармен ластанып отырады. Бұнымен қатар өндіріс
орындарында көптеген технологиялық құбылыстар жылу, ылғал,
зиянды заттарды пар, газ, шаң түрінде бөліп отырады.
Мекемелерде бөлмелердегі ауа параметрлерін белгілі
деңгейде ұстап тұру үшін ауаны тазартып отыру, лас ауаны
шығарып тұру үшін ауаны тазартып отыру, лас ауаны шығарып
отыру қажет.
Желдетудің механикалық, табиғи түрі бар. Табиғи түрінде
ауа гравитациялық қысым әсерінен ауысады. Ауаның түсуі,
шығуы ғимараттың қоршаулы конструкциясы арқылы жүзеге
асырылады. Бұндай табиғи ауа алмасуды - аэрация деп
Достарыңызбен бөлісу: |