Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Балалар мен жасөспірімдерде тамақтануды ұйымдастыру



бет75/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   167

7.17. Балалар мен жасөспірімдерде тамақтануды ұйымдастыру


Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтану жүйесін ұйымдастыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді. Еңбек ету мен сабаққа үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метоболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процесстерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге организмнің өсу, даму, қалыптасу процессіне қажет.
Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:

  • Тамақ құрамында негізі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);

  • Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (дәрумендер, микроэлемент);

  • Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;

  • Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;

  • Тамақтанудың санитарлық-гигиеналық нормаға сай болуы.

Тамақтануды дұрыс ұйымдастыру дегеніміз – адам ағзасының барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруы үшін дұрыс ұйымдастырылған тамақтану тәртібі.
Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай-ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді.

Ұтымды тамақтану – бұл клеткалар құрамына қажетті заттар мен ағзаны қамтамасыз ететін қуат, қимыл және тағы басқа қажеттілігін өтейтін, заттар алмасуын қажетті деңгейде ұстайтын тағамдарды пайдалану. Жүйелі түрде тамақтанудың негізгі элементтері мына төмендегідей:

  • Тәуліктік қоректік заттардың арақатынасының үйлесімді балансын сақтау;

  • Дұрыс тамақ ішудің тәртібі, рационалды тамақтану – ол тамақтың қуаты мен сапалық химиялық құрамын, қоректік заттардың деңгейлік арақатынастарының тұрақтылығын, қорытылуын және гигиеналық жағынан тазалығын ескертуді қажет етеді.




    1. Адам ағзасы тек қана ақуыздан құралады. Ақуызды ауыстыруға да болмайды. Ал май, көмірсулар бірін-бірі алмастыра, ауыстыра алады. Ақуыздың тамақ құрамында болмауы, не аз мөлшерде болуы жүректің, мидың жұмысына кері әсер етіп, ағзаның жүйке тамырларының ауруына әкеп соғады, асқазанға түсіп, одан ішектерге барған соң әр түрлі химиялық процестер әсерінен аминқышқылына айналады. Содан кейін қанға араласу арқылы ағзада пайда болатын ақуыздарды құрайды. Құрамында аминқышқылы көп тамақтарға ет, балық, құс, сыр, бұршақ және басқалар жатады.

Майдың құрамында А, Д, Е, К дәрумендері бар. Өсімдік майлары құрамында май қышқылы көп болады. Бұл қышқыл адамның ет талшықтарында, жүйке тамырларында, мида, бауырда, жүректе, ішектің қабырғаларында кездеседі. Осы мүшелердің жақсы жұмыс істеуіне әсер етіп, әсіресе, жүйке жүйесінің жұмысын реттеп, артерия қан тамырларының қабырғаларын жақсартып, ағзадағы артық холестеринді тазалайды.
Көмірсулар – адам қуатының көзі болып табылады. Тамақпен бірге ол ағзаға полисахарид, крахмал, қант түрінде барады, ауызға түскен соң бөлініп асқазанға, ішектерде қорытылып, глюкоза қанға қосылады. Көмірсуларға бай – дән, картофель, жеміс-жидектер т.б. жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет