Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Бір жасқа дейінгі балалардың тамақтану түрлері: табиғи, аралас, қолдан тамақтандыру



бет77/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   167

7.18. Бір жасқа дейінгі балалардың тамақтану түрлері: табиғи, аралас, қолдан тамақтандыру


• Табиғи тамақтану туралы түсінік, ана мен баланың денсаулығына әсері.


• Кеудеге салу мерзімі.
• Ана сүті мен уыздың құрамы.
• Жасанды тамақтандыру, аралас тамақтандыру туралы түсінік.
• Баланы аралас және жасанды тамақтандыруға ауыстырудың себептері.
• Үстеме, қосымша тамақтарға мінездеме, маңызы.
Асқорыту мүшелеріне ауыз қуысы, өңеш, асқазан, ащы және тоқ ішек, бауыр жатады. Жаңа туған балаларда олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Тілі жалпақ, қысқа, шайнау қызметін атқаратын бұлшық еттері жақсы дамыған, екі ұртында майлы кесектер бар, қызыл иектері жұмыр, еріндерінде көлденең сызықтар бар.Бұл ерекшеліктердің барлығы баланың емшекті жақсы қамтуына, ауыз ішінде вакуум тудырып емшектен сүтті сорып алуға жақсы жағдай жасайды.
Ауыздың сілекейлі қабығында қан тамырлары көп, олар өте нәзік, жарақаттанғыш келеді, сондықтан кішкене балаларда ауыздың ойылуы жиі кездеседі. Сілекейлі қабығы құрғақ келеді, өйткені сілекей бездері 4-5 айдан бастап қана жұмыс істейді. Осы кезде баланың сілекейі шұбырып, көкірегі су болып қалады, сондықтан балаға кішкене алжапқыш таққан жөн және балаға тамақ беретін ыдыс, күтушінің қолы, күтім бұйымдары өте таза болуы керек.

Асқазанның көлемі кішкентай 30-35 мл, өңештің асқазанға түсетін жері жабылмай ұдайы ашық тұрады, сондықтан бала жиі құсып қояды. Бала көп құспауы үшін оған тамақтың көлемін оның жасына сәйкес беру керек, тамақтандырғаннан кейін көп қозғап, массаж және гимнастика жасамау керек.


Асқазан сөлінің қышқылы, ферменттері аз, сондықтан жаңа туған балаға ең жақсы тамақ-емшек сүті. Асқазан сөлінің күші балаға суық тамақ бергенде, бала ауырғанда, тамақты мөлшерден көп бергенде онан да төмендейді.
Ішегінің ұзындығы үлкен адамдардікімен салыстырғанда едәуір ұзын, жүйке жүйесі жетілмеген, сондақтан жас баланың іші жиі кеуіп кетеді.
Ішектің шырышты қабатында қан тамырлары көп, сондықтан сәл ас қорыту бұзылса уыттар денеге тез жайылады.
Бауыр аз мөлшерде және әлсіз өт шығарады, сондықтан 3 жасқа дейін балаға майлы, қышқыл, тұзды тамақ беруге болмайды.



Жаңа туған баланың ішегі стерильді, таза, бірақ бірнеше сағаттан кейін әртүрлі микробтар енеді. Ішектің микрофлорасы баланың тамақтануына байланысты. Егер бала емшек сүтімен қоректенсе оның ішінде бифидумбактериялары пайда болады. Олар тамақты ашытып қорытады, сондықтан баланың дәреті сары, ашытқы иісті, қоймалжың, сөткесіне 4-5 рет болады.


Ал егер бала қолдан тамақтандырылса оның ішегінде ішек таяқшалары болады. Олар тамақты шірітіп қорытады, сондықтан бұл балалардың дәреті ақшыл-сары, шірік иісті, тәулігіне 1-2 рет болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет