Балалардың тамақтануындағы сүт пен сүт өнімдерінің ролі. Әртүрлі жастағы балалардың тамақтану ерекшелігі
Жаңа туылған балалар үшін ең жақсы тағам ана сүті болып табылады. Ол баланың барлық негізгі тағамдық заттар мен энергияға қажеттілігін қанағаттандырады, қорғаныс факторына ие, бала ағзасындағы барлық өмірлік процесстерді реттейтін көптеген гормондар мен ферменттерден тұрады. Бірақ бұл тұжырым ананың денсаулығы жақсы, дұрыс өмір сүрсе және толық құнды тамақтанса ғана дұрыс.
Ана сүтімен тамақтандыруға ананың кейбір ауыр аурулармен ауырғанда (белсенді туберкулезде, қатерлі ісік ауруларында, қан ауруының ауыр формасында, бүйрек жеткіліксіздігінде, психикалық ауруларда) тыйым салынады. Көптеген жағдайда ана ауруға қарамастан баланы ана сүтімен тамақтандырады (эпидемияға қарсы қажетті шараларды сақтағанда), ал егер ана сүтінің құрамы нашарласа, онда дәрігер рационды түзетеді.
Баланың өмір сүруінің ең жауапты кезеңі – жаңа туылған кезеңі: ол туылған күннен 29 күнге дейін созылады. Бұл кезеңде бала ағзасы елеулі өзгереді – бала жатырда ананың қаны арқылы қажетті тағамдық заттарды алатын, ал туылғаннан кейін өздігімен тамақтануға бейімделеді. Балада өкпемен тыныс алу пайда болады, қан өздігінен айналады, қан құрамы едәуір өзгереді, зат алмасу жоғарылайды, ас қорыту процесстері қалыптаса бастайды.
Бұл уақытта бала әртүрлі жағымсыз әсерге бейім болады, себебі оның ағзасының барлық функциялары тұрақсыз тепе-теңдікте болады. Сондықтан жаңа туылған сәбиді ана сүтімен тамақтандыру өте маңызды.
Ана сүтінен алғашқы 2-3 күнде уыз бөлінеді, онда ақуыз бен минералды заттардың мөлшері жоғары болады (сүтпен салыстырғанда уыз сүтінде ақуыздың мөлшері 4-5 есеге артық), ол баланың барлық сұранысын толық қамтамасыз етеді, себебі бала алғашқы күні тек сүттің ең аз мөлшерін қабылдай алады (10-20 мл). Сонымен қатар уыздағы тағамдық ингредиенттер өзінің химиялық құрамы бойынша жаңа туылған нәрестенің ұлпасына жақын және ол баланың ағзасына оңай сіңеді.
Ана сүтінің ерекшелігі ол баланың сүтті стерилді және жылы түрінде қабылдауы, осы факторда тағамдық заттардың жеңіл сіңуіне әсер етеді. Ана сүтінің құрамы біртіндеп өзгере бастайды: емізудің 5 күнінен бастап сүттегі ақуыздың мөлшері төмендейді, ал май мен көмірсудың мөлшері артады. 2-3 жетіден бастап сүт тұрақты құрамға ие болады. ана сүтінің орташа химиялық құрамы: ақуыз 1,2%, май 3,5%, көмірсу 6,5%.
Бұл кезеңде баланың сүтті қабылдауы артады. Егер бала қалыпты дамыса, баланың салмағы артса, жақсы ұйықтаса, сергек болса, онда ананың сүті жеткілікті. Егер әрбір емізуден кейін бала мазасызданса, келесі тамақтандыруға дейін шыдамсыздық көрсетсе, онда сүт жеткіліксіз. Бұл жағдайда балалар емханасына барып, дәрігерге қаралуы қажет.
Дәрігер баланың салмағын өлшеп (баланың емгенге дейінгі және емгеннен кейінгі салмағы өлшенеді), дене салмағының айырмашылығы бойынша емген сүттің мөлшерін анықтайды және баланың тәулікте алатын сүтінің мөлшері есептелінеді. Егер балаға ана сүті жеткіліксіз болса, онда бейімделген сүт қоспалары немесе донор сүті тағайындалады. Бұл жағдайда бала жас болған сайын, қосымша қорек ретінде донорлық ана сүтін пайдаланған дұрыс. 2-3 айдан бастап бейімделген қоспаларға көшкен дұрыс.
Донорлық ана сүтін балалар емханасының жанындағы донорлық пункттерден алады. Ол жерде сүт стерилдеуден өтеді, ол кезде сүттің құнды қасиеттері, яғни дәрумендердің, ферменттердің, қорғаныс факторларының мөлшері төмендейді. Сондықтан егер мүмкін болса, сүтті тек бір ғана әйелден алу қажет. Егер ол толық дені сау болса және сүтті сауу және сақтау ережелерін қатаң сақтаса, ол сүтті шикі түрінде беруге (тоңазытқышта 12 сағат сақтауға болмайды) болады.
Жаңа туылған бала ана сүтімен қатар алғаш туылған кезде суды қажет етеді. Әсіресе ол жылдың ыстық кезеңдерінде және бөлме температурасы жоғары болғанда сезіледі. Суды емізу арасында 1-2 шай қасықпен береді (тәулігіне небәрі 50 мл дейін, ал ыстық кезеңде 100 мл), суды қайнаған түрінде немесе әлсіз шай ретінде береді. 3 апталық балаға суды, итмұрын тұнбасы (С дәруменіне бай) түрінде берген дұрыс. Ана сүтімен қоректендіруге қарамастан, балалар алғашқы туылған күнінен бастап дәрумендерден, минералдық тұздардан, органикалық қышқылдардан және басқада тағамдық заттардан тұратын тағамдық қоспаларды қажет етеді. Бұл әсіресе рахит, қаназдық ауруларының алдын алуда маңызды.
Осындай қоспалар донор сүтін қабылдайтын балалар үшін өте қажет. 3 апталық балаға берілетін алғашқы қоспа жеміс-көкөніс тұнбасы. Оны су орнына береді. Тәулігіне 30-50 мл дейін беріледі. Бір айлық балаға дәруменге бай жеміс немесе көкөніс шырындарын беруге болады. Тұнбада минералды заттардың мөлшері төмен, сондықтан тұнбаны беруді тоқтатпайды. Ең бірінші алма шырынын бірнеше тамшыдан бастап, 40-50 мл дейін береді. Шырынды емізу кезінде немесе емізіп болғаннан кейін береді. тамақтану алдында шырын бермейді, себебі баланың тәбеті төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |