Атмосфераны ластайтын негізгі заттарға шолу жасау
Күкірт диоксиді – ауадағы ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына (Н2SО4) айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді.
Фторлы сутек – өте улы. Бұл зат пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Улы зат адам ағзасына біртіндеп еніп, жүйелі түрде жинала берсе, созылмалы ауру пайда болады. Оның басты белгілеріне келсек: адам тез шаршағыш келеді, ұйқысы келеді немесе ұйқысы қашады, бейжайлық, ұмытшақтық, көңіл-күйінің тез өзгеруі, зейінінің төмендеуі байқалады. Улы заттар адамның қанайналым мүшелеріне, жүйке жүйесіне, бауырына әр түрлі әсер етеді.
Көміртегі оксиді (СО2) мен монооксиді (СО). Көміртегі оксиді улы емес, ал монооксид – улы. Ол адамның қанындағы гемоглобинмен қосылып, зиянды қоспа түзеді де, ауру туғызады. Деректерде: ХІХ ғасырдың 20 – жылдары СО2 мөлшері – 0,29% болған. 1990 жылы – 0,35%, яғни 20% көбейген. Ал 2000 жылы – 30% жеткен екен.
Азоттың қосылыстары – атмосфераға ормандағы өрттен, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттар. Адам баласы азот оксидтеріне душар болған жағдайда: тыныс жолдарының қабынуы, бронхит, ентікпе, өкпе – тыныс жолдары ауруларынан зардап шегеді.
Күкіртті ангидрид – жылу алу кезінде көмір мен мазутты жағады, сол сәтте бұл зат ауаға түседі. Мысалы, 1 млн. тонна көмір жаққан кезде 25 мың тонна күкірт бөлінеді. Әрине күкірт жеке элемент күйінде емес, күкірт тотығы ретінде ауаға шығарылады. Бұл газ оттегімен тотығып, су буымен қосылып, күкірт қышқылын пайда етеді.
Бірнеше улы заттарды айтып, олардың құрамымен, адам денсаулығына әсерімен таныстық. Сонымен бірге қоршаған ортаға қауіпті заттардың қатарына кіретін ауыр металдар, нитраттар, неитридтер және т.б. айтып өтуге де болады. Кеңінен таралған химиялық заттардың ішіндегі өте қауіптісі – бензапирен. Бұл затпен ластану Тараз, Қаратау қалаларында байқалып отыр. Адам ағзасына ауаның құрамы, су және азық-түлік арқылы түсетін бұл улы зат тыныс органдарын, өкпе мен қолқаның қызметін бұзады.
Бұдан кейінгі айтар мәселе – судың ластануы. Бұл проблема қазіргі кезде бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Ауа бассейнінің ластануының негізгі себебі – тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу болып табылады. Мысалы: Жамбыл облысы бойынша үлкен үш өзен негізгі су көзі болып табылады.
Олар: Талас, Аса, Шу. 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы Талас өзенінің ластануы – 1,1 бірліктен 1,48 бірлікке өскен, ал ластаушы заттарының мөлшері: мыс – 8,5 есе, фенол – 2 есе жоғарылаған.
Аса өзенінің ластануы – 1,2 бірліктен 1,58 бірлікке өскен, ал ластаушы заты мыс – 6,9 есе көп.
Шу өзенінің ластануы мөлшері сол қалпында 1,8 бірлікті құрайды, ал құрамындағы мыс – 0,8 есе, азот нитриді – 2,15 есе, фенол – 3 есе жоғарылаған.
Демек, бұдан өзен суының құрамындағы зиянды заттардың мөлшерінің жылдан-жылға өскенін байқаймыз. Бұл онда тіршілік ететін балықтарға, одан су ішетін жануарларға әсерін тигізері сөзсіз.
Ендігісі өзіміз тұтынып жүрген – ауыз су мәселесі. Біздің облыста судың санитарлық-техникалық жағдайы сын көтермейді. Ескірген және мерзімі өтіп кеткен су құбырлары – 46,97%, олардың 30,21%-ына 40 жыл; 2%-ына 50 жыл болған. Су құбырларының ескіруі ішетін судың сапасына әсер етеді.
Әлемде аурудың 80%-ы сапасыз суды пайдаланғаннан болады. Ал оны тұтыну есебінен әлемде 5 млн-ға жуық адам көз жұмады.
Республика бойынша шаруашылық ауыз су мұқтаждарына тиесілі су тұтыну қалалардағы бір тұрғынға шаққанда орта есеппен тәулігіне 167 литрді құрайды. Ал енді мекендегі бір ауыл тұрғынына шаққандағы үлесті су тұтыну – 6,8 литр. Өзіміздің Жамбыл облысында су тұтынудың ең төменгі деңгейі – 10-16 литрді көрсетіп отыр.
Міне, су мәселесін де талқыға салып өттік.
Осындай адамзат баласы тарихындағы экологиялық дағдарыстың басты себебі шектелмей өсуге бағытталған техникалық өркениеттің тежеусіз әрекеті.
Расында адам бақылауынан шығып кеткен техникалық прогресс адамның өзіне қауіп төндіріп отыр. Ғылыми-техникалық революцияның өрістеуі әсерінен қоршаған ортада күрделі өзгерістер болуда. Осының салдарынан ластану түрлері көбейіп, жер бетіндегі тіршілікке зиянын тигізуде.
Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік: Олар – темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүр. Жастарға есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мәдени көпшілік орындарына баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолына түсіп, жылына бір келетін оразаны тұтып, оның тәртібін сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ.
Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады. Әрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз. Адам өзін өзгеден кем сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады.
Сөз соңында қайра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.
Адам өмірінде үнемі әр түрлі физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік қоршаған орта факторларының әсеріне ұшырайды.
Қоршаған ортаның факторларының зиянды әсерінің алдын алудың бірнеше принципиальді тәсілдері бар:
Өндірісті толық тоқтату
Шығарыстардың қоршаған ортаға түсуіне тыйым салу
Зиянды факторды улылығы аз, зиянсыз факторлармен алмастыру
Қоршаған орта объектілеріндегі зиянды заттардың мөлшерін және олардың әсер ету деңгейін шектеу (регламентация)
Профилактика стратегиясы зерттелетін фактордың адам ағзасына және оның ұрпағына жуық арадағы және кейінгі қатерлі әсерін талдауды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |