232
Крахмал шырышы сақтау кезінде тез тұнбаға түседі және ол
микрофлора дамуына өте қолайлы орта, сондықтан құтыны ескерту «Салқын
жерде сақта», «Қолданар алдында шайқа», «Қараңғы жерде сақта» деген
этикеткаларымен
безендіру
қажет.
Крахмал ерітіндісі
салмақпен
босатылады.
Метилцеллюлоза (МЦ) ерітінділері.
МЦ ақ немесе әлсіз сарғыш түсті
талшықты үлпектер, тек суық суда ериді. Егер МЦ алдын ала ыстық сумен
өңдесе, еру процесі жылдам жүреді (судың көлемі ерітіндінің көлемінің 0,2-
0,5 бөлігін құрауы керек). Содан соң суық суды қажетті көлемге дейін
жеткізіп, МЦ толық ерігенше араластырады. Мөлдір ерітінді алу үшін МЦ
еріту процесінде мұзбен салқындату немесе мұздатқышқа қою қажет.
Мысалы, 5% МЦ ерітіндісін дайындау үшін, затқа 50 мл тазартылған су
құйып, 80-90
0
С температураға дейін қыздырады да бөлме температурасында
ісінуге қалдырады. 2 сағаттан соң еріткіштің қалған мөлшерін қосып,
араластырып, 10-12 сағатқа МЦ толық ерігенше мұздатқышқа қояды.
Түзілген мөлдір ерітіндіні вакуум астында шыны фильтр арқылы сүзеді.
Натрий-карбоксиметилцеллюлоза (Na-КМЦ) ерітінділері.
Na-КМЦ
сұр түсті, дәмсіз, иіссіз, аморфты ұнтақ. Суық суда да, ыстық суда да жақсы
ериді.
Достарыңызбен бөлісу: