238
Сондықтан оларды салқын, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек. Қорғалған
коллоидтардың сапасын бағалау басқа сұйық дәрілік түрлер сияқты жүргізіледі.
Бақылау сұрақтары:
1.
Коллоидты ерітінділер дегеніміз не?
2.
Коллоидты ерітінділердің қандай ерекшеліктерін білесіздер?
3.
Протаргол және колларгол ерітінділерін дайындаудың ерекшеліктері қандай?
4.
Протаргол және колларгол ерітінділерін фильтрлеуге бола ма?
5.
Ихтиол ерітіндісін дайындау технологиясы қалай жүргізіледі?
6.
Коллоидты электролиттердің (жартылай коллоидтар) ерітінділерін дайындау
технологиясы.
7.
Коллоидты ерітінділердің сапасын бағалау қалай жүргізіледі?
3.9 Суспензиялар
Суспензиялар - (
Suspensіones
) - официналды дәрілік түр. ҚР МФ, т.1, 500 б.
«Оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер» жалпы мақаласына енгізілген.
КСРО МФ ХІ басылымының 2 томына жалпы мақала енгізілген.
Суспензия - сұйық дисперстік ортада ерімейтін қатты дисперстік фазадан
тұратын ішуге, сыртқа, шаншуға қолданылатын микрогетерогенді сұйық дәрілік
түр.
Барлық дәрілік түрлер секілді суспензиялардың да артықшылықтары мен
кемшіліктері бар.
Достарыңызбен бөлісу: