Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет177/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

байланысты жіктелуі 
Дәрілік заттар 
Гидрофильді: висмуттың 
негізгі нитраты, мырыш 
тотығы, магний негізгі 
карбонаты, 
крахмал, 
тальк, магний тотығы 
және т.б. 
Гидрофобты 
Қасиеті айқын байқалмай-
тын: 
фенилсалицилат, 
сульфодиметоксин, 
сульфомонометоксин, 
бензонафтол, 
терпингидрат
Гидрофобты 
қасиеті 
айқын 
байқалатын: 
ментол, 
камфора, 
тимол, күкірт 


243 
Гидрофильді заттар гидрофильді-ісінбейтін және гидрофильді-ісінетін
 
болып бөлінеді. 
Гидрофильді-ісінбейтін заттарға: висмуттың негізгі нитраты, ақ балшық, 
тальк, мырыш тотығы, магний тотығы, крахмал, кальций карбонаты, кальций 
глицерофосфаты жатады. 
Бұл заттар суда ерімейді, бірақ сумен жеңіл шыланады. Сондықтан осы 
препараттармен 
суспензия 
дайындау 
кезінде 
тұрақтандырғыштар 
қолданылмайды. Мысалы: 
Rp.: Magnesіі oxydі
3,0 
 
Sіrupі sіmplіcіs
20 ml
Aquae purіfіcatae 180 ml 
 
 
M.D.S.
1 десерт қасықпен күніне 4 рет 
V
ж
= 20 мл + 180 мл = 200 мл 
Құрғақ заттардың мөлшерін анықтау
Есептеу:
3,0 - 200 мл 
х - 100 мл 
х = 1,5%
Құрғақ заттардың мөлшері 3% төмен, суспензия салмақ-көлемдік 
концентрацияда босатылады.
Б.П. 
Magnesіі oxydі 3,0 
 
 
Aquae purіfіcatae 180 ml 
 
 
Sіrupі sіmplіcіs 20 ml 
 
V
ж.
= 200 ml 
Технологиясы:
Келіге 3,0 г магний тотығын өлшеп алып, 1,5 мл 
тазартылған сумен араластырады (Дерягин ережесі) және қоспаны жұқа пульпа 
түзілгенше ысқылайды. Жұқа пульпаға 20-30 мл су қоса араластырады (лайлау 
әдісі), 1-2 минут тыныштықта қалдырады. Бетіндегі ерітіндіні босататын құтыға 
құяды. Тұнбаны қайтадан 30 мл сумен ысқылайды, араластырып, 1-2 минут 
тыныштықта қалдырады. Тұнба бетіндегі ерітіндіні босататын құтыға құяды. 
Осы операцияны тұнба лайлы ерітіндіге толық өткенше қайталайды. Босататын 
флакондағы дайындалған суспензияға қант шырынын қосады. Босатуға 
безендіреді: негізгі этикетка «Ішуге», ескерту этикеткасы «Қолданар алдында 
шайқа», «Балалардан сақта» (ҚР ДСӘД министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 
227 «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және 
медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту» бұйрығы талаптарына 
сәйкес). 
Дисперстік орта ретінде тұтқыр еріткіш болатын (өсімдік майлары, 
глицерин, вазелин майы, шырыштар және т.б.) суспензияны дайындау кезінде 


244 
лайлау әдісі қолданылмайды. Себебі тұтқыр еріткіш бөлшектердің 
седиментациялық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
 
 
Rp.: Bolі albae 5,0
Mucіlagіnіs Amylі 100,0
M.D.S
. Ішуге
Крахмал ерітіндісінің концентрациясы көрсетілмегендіктен МФ VІІІ 
басылымы бойынша 2% ерітінді дайындалады, салмақпен босатылады. 
m
ж
= 5,0 + 100,0 = 105,0 
Б.П. 
Bolі albae 5,0 
Amylі 2,0 
Aquae purіfіcatae frіgіdae 8 ml 
Aquae purіfіcatae calіdae 90 ml 
m
ж.
= 105,0 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет