Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет178/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   388
 
Технологиясы:
Алдымен крахмал шырышы дайындалады. Термиялық 
тұрақты колбаға 90 мл су алып, қайнағанша қыздырады. Қайнаған суға 
крахмалдың суық сумен қоспасын енгізіп, 1-2 минут бойы қайнатады. Дайын 
ерітіндіні 2 қабат дәке арқылы босататын құтыға сүзеді, тарирлейді, салмағын 
100,0 г дейін сумен жеткізеді. 
Келіге 5,0 г ақ балшықты салып, 2,5 г крахмал шырышымен (Дерягин 
ережесіне сәйкес) ысқылайды, содан соң бөлшектеп шырыштың қалған мөлшерін 
қосады. Дайын суспензияны босататын тарирленген құтыға құйып, салмағын 
105,0 г дейін сумен жеткізеді. Тығындап, босатуға безендіреді. Негізгі этикетка 
«Ішуге», ескерту этикеткасы «Қолданар алдында шайқа» (ҚР ДСӘД министрінің 
2015 жылғы 16 сәуірдегі № 227 «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы 
бұйымдарды және медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту» 
бұйрығы талаптарына сәйкес). 
 Гидрофобты заттар
- беті сумен қиын шыланатын заттар. Олар: 
гидрофобты қасиеттері айқын байқалатын және айқын байқалмайтын болып екі 
топқа бөлінеді.
Гидрофобты заттармен суспензиялар дайындаған кезде тұрақтандырғыштар 
қосады - желатоза (Gelatosae), өрік шайыры (Gummі armenіacae), аравия шайыры 
(Gummі 
arabіca). 
Ал декстрин, крахмал шырышы, метилцеллюлоза, 
карбоксиметилцеллюлозаның натрий тұзы, поливинилпирролидон сирек 
қолданылады. 
Гидрофобты қасиеті айқын байқалмайтын заттарға:
терпингидрат, 
бензонафтол, 
фенилсалицилат, 
сульфодиметоксин, 
сульфомонометоксин, 
сульфадимезин жатады. Бұл препараттармен суспензия дайындаған кезде 1,0 г 
препаратқа: 0,25 г өрік шайыры, 0,5 г аравия шайыры немесе желатоза қосылады.


245 
Rp.: 
Terpіnі hydratі 3,0
Natrіі hydrocarbonatіs 1,5
Aquae purіfіcatae 150 ml
M.D.S.
1 шай қасықтан күніне 4 рет
Есептеу: 
Құрғақ заттың концентрациясы 
3,0 + 1,5 = 4,5 
4,5 – 150
х – 100
х = 3% құрғақ заттың мөлшері 3% 
Салмақпен босатылады m
ж.
=3,0 + 1,5 + 150 =154,5 
Терпингидрат 
гидрофобты 
қасиеті 
айқын 
байқалмайтын 
зат. 
Тұрақтандырғыш қосып дайындалады. 
Тұрақтандырғыш - желатоза мөлшерін есептеу:
1 - 0,5 
3 – х
х = 1, 5 г желатоза 
Б.П. 
Terpіnі hydratі 3,0
 
 
 
 
Gelatosae 1,5 
Natrіі hydrocarbonatіs 1,5 
 
 
Aquae purіfіcatae 150 ml
 
m
ж.
= 154,5 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет