Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет226/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Жағар майларға арналған негіздер. 
Жағар майлар технологиясында 
негіздердің маңызы мен мәні әртүрлі және алуан. Негіздер жағар майларға 
қажетті салмақ, дәрілік заттардың сәйкес концентрациясын, қажетті 
консистенциясын, тұрақтылықты қамтамасыз етеді, сонымен қатар негіздер 
дәрілік заттардың резорбциясының деңгейі мен жылдамдығын реттейтін, яғни 
фармакодинамикада маңызды роль атқаратын жағар майлардың белсенді 
құрамды бөлігі. 
Мысалы, бор қышқылының консистентті эмульсионды негізде 
дайындалған 2% жағар майының терапевтік белсенділігі, вазелин негізінде 
дайындалған концентрациясы 10% жағар майға сәйкес. Аталған мысалда жағар 
майды бір бүтін бөлік деп алсақ, негізді оның белсенді бөлігі ретінде 
қарастыруға болады.
 
Қазіргі кезде жағар майлар дайындау үшін қолданылатын 100 аса негіздер 
белгілі. Олар химиялық құрамы бойынша, сыртқы түрі, алыну көзі бойынша 
ажыратылады. Қазіргі кездегі фармацияда жағар май негіздерінің құрамы өте 
күрделі. Жағар май негіздерін таңдау - ауру түріне, дәрілік заттардың физика-
химиялық қасиеттеріне байланысты. 
Негіздерге бірқатар талаптар қойылады, олар 18 кестеде көрсетілген. 


294 
Кесте 18 
Негіздерге қойылатын талаптар
 
Жағар майлардың жұмсақ консистенциясы оны тері және кілегей 
қабыққ жағуға қолайлы болуына негізделген. Негіздердің химиялық
инерттігі 
олардың 
дәрілік 
затпен 
әрекеттеспейтіндігіне, 
сыртқы 
факторлардың 
(ауа, 
жарық, 
ылғалдылық, 
температура) 
әсерінен 
өзгермейтіндігіне кепілдік береді, демек жағар майлардың тұрақтылығын 
қамтамасыз етеді. Жағар (жақпа)
 
майлардың аллергиялық, тітіркендіргіштік 
және 
сенсибилизациялық 
әсерінің 
жоқтығы, 
көбінесе 
негіздердің 
биологиялық қауіпсіздігіне байланысты. Ең маңыздысы, негіздер терінің 
физиологиялық қызметін (жылу, ылғалды және газ алмасу) өзгертпеуі қажет. 
Терінің сыртқы қабаты қалыпты жағдайда қышқылды реакциялы, ол 
микроорганизмдердің көбеюіне кедергі жасайды. Сондықтан жағар майлар 
негізінің нейтралдығы, терінің рН мәнінің бастапқы деңгейінде сақталуының 
үлкен мағынасы бар. Микроорганизмдердің қатысуы, қабынған тері мен 
кілегей қабаттарының қайта қабынуына және дәрілік заттың белсенділігінің 
төмендеуіне немесе жағар майдың консистенциясының өзгеруіне келіп соғуы 
мүмкін. 
Негіздер киімнен, теріден, әсіресе шашты бөліктерден оңай жуылуы тиіс. 
Негіздердің қасиеттері жағар майдың қолдану мақсатына сәйкес келуі қажет. 
Беттік әсер ететін жағар майлардың негіздері дәрілік заттардың терең 
сіңірілуіне кедергі болуы керек. Ал резорбтивті әсер ететін жағар майлардың 
негіздері, керісінше, дәрілік заттардың терінің мүйізді қабаты арқылы, шашты 
фолликулалардан, тері және майлы бездерден сіңірілуін қамтамасыз етуі 
қажет. Қорғаныс жағар майларының негіздері тез кеуіп, терінің бетінде әсер 
ететін жағар май негіздері эпидермиспен немесе кілегей қабат бетімен 
шектеледі.
Жұмсақ 
консистенциялығы 
Қолданылатын 
мақсатына сәйкестігі 
Физикалық және 
химиялық 
тұрақтылығы 
Биологиялық 
қауіпсіздігі 
Негіздерге қойылатын 
талаптар
Нейтралды реакциялы
болуы 
Микроорганизмдерге 
тұрақтылығы 
Жағылған жерден 
оңай кетуі 


295 
Жағар (жақпа)
 
майлардың негіздерінің бірнеше жіктелуі белгілі: физика-
химиялық қасиетіне, химиялық құрамына, алыну көзіне және де басқа 
белгілеріне байланысты жіктеледі.
Көптеген авторлар негіздердің бірнеше жіктелуін ұсынған: 1975 жылы
В.М. Грецкий заттардың сумен әрекеттесуі бойынша жіктелуін ұсынды. 
Осыған орай негіздердің жіктелуі: гидрофобты және гидрофильді болып екіге 
бөлінеді.
Ең қолайлысы - жағар майларды алудың технологиялық принципі 
бойынша жіктелуі: 
- гидрофобты (липофильді); 
- гидрофильді; 
- гидрофобты - гидрофилді (дифильді). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет