Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Қарапайым ұнтақтардың технологиясы



Pdf көрінісі
бет74/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Қарапайым ұнтақтардың технологиясы. 
Жыл өткен сайын дәріхана 
рецептурасында бір ингредиенттен тұратын қарапайым ұнтақ саны азайып бара 
жатыр. 1960 жылдары қарапайым ұнтақтар дәріханада дайындалатын ұнтақтардың 
40% шамасын құраса, ал қазіргі кезде ұнтақтар экстемпоральды рецептураның 
небәрі 5% дейін құрайды. Қарапайым ұнтақ технологиясы қиын емес. Егер дәрілік 
зат табиғаты жағынан жеткілікті мөлшерде майда дисперсті болса (ликоподий, 
крахмал және т.б.), онда олар науқасқа ұнтақталмаған күйде босатылады. 
Босатылған дәрілік зат қолданар алдында ерітілетін болса, онда ол ұнтақталмайды. 
Қалған барлық жағдайда дәрілік заттар ұнтақталады. 
Есептеулер: 
Rp.: Glucosae 0,5
0,5 x 12 = 6,0 
Da tales doses № 12
Әр ұнтақтың салмағы
Sіgna.
1 ұнтақтан күніне 3 рет. (m 
1 ұнт.
) = 6,0:12 = 0,5 
Б.П. 
Clucosae 6,0
 

ж
= 6,0; m 
1 ұнт.
= 0,5; № 12 
Дайындаған: 
(қолы)
Тексерген:
(қолы) 
Босатқан:
(қолы) 
Дайындалған күні 
Технологиясы.
ҚР ДСӘД министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 
232 
"Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен 
медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын 
бекіту туралы бұйрығына сәйкес жұмыс орны дайындалады. Қол таразы (ВР-
20) көмегімен 6,0 г глюкозаны өлшеп алады, оны ұнтақтап, ұнтақталу 
дәрежесін көзбен шолып тексереді. Целлулоидты пластинкамен ұнтақты 
келінің түбіне жинайды, 25 см қашықтықтан қарағанда көзге көрінетін 
майдаланбаған бөлшектер болмауы керек. Ұнтақтап болған соң, ВР-1 қол 
таразы көмегімен 0,5 г-нан өлшеп, балауызданған қағаз капсулаларға (ылғал 
тартқыш зат) салып, орамдап босатуға безендіреді. Ішуге қолданылатын 
болғандықтан дайындалған дәрілік түрді ҚР ДСӘД министрінің 2015 жылғы 
16 сәуірдегі № 227 «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды 
және медициналық техниканы таңбалау» қағидаларын бекіту туралы бұйрығы 
талаптарына сай негізгі этикетка жасыл түсті «Ішуге», «Ұнтақ», «Құрғақ, 
салқын жерде сақта» – ескертпе этикеткасымен безендіреді. 
Rp.: Natrіі sulfatіs 20,0 
Dа. Sіgna
. 1 стакан суда ерітіп аш қарынға ішуге 
Дозаланбаған қарапайым (жәй) ұнтақ берілген, науқас өзі дозалайды. 


115 
Б.П. 
Natrіі sulfatіs 20,0

ж
= 20,0;
Дайындаған:
(қолы
Тексерген:
(қолы) 
Босатқан:
(қолы) 
Дайындалған күні 
Берілген дәрілік түрді қолданар алдында еріту керек. Зат ірі кристалды 
болғандықтан ерігіштігін арттыру үшін затты келіде ұнтақтап, қағаз қалтада 
немесе шыны ыдыста босатады. Жасыл түсті этикеткамен безендіреді. 
Сонымен, қарапайым (жәй) ұнтақтарды дайындау технологиясы келесі 
сатылардан тұрады: ұнтақтау; дозалау; орамдау, безендіру.
Қарапайым ұнтақтар технологиясында араластыру сатысы болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет