Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет228/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Гидрогенизацияланған майлар.
Өсімдік майларын каталиттік гидрлеу 
жолымен алынатын жартылай синтетикалық өнімдер. Бұл кезде қанықпаған 
глицеридтер қаныққан түріне өтіп, сұйық майлар консистенциясын жұмсақ 
немесе қаттыға гидрогенизациялану дәрежесіне бйланысты ауыстырады. 
Негіз ретінде балқу температурасы 34-41 
0
С болатын гидрогенизацияланған 
майлар қолданылады: 
а) саломастың тазартылған өсімдік майынан алынған гидрогенизацияланған 
майы немесе гидромай (Adeps hуdrogenіsatus). Ұсынылған балқымалар: 
Гидромай 80-90 %; 
Өсімдік майы 20-10 %. 
б) Комбимай (Adeps composіtus). Балқыма: 
гидромай 55%; 
өсімдік майы 30%; 
гидрогенизацияланған кит майы 15%. 
Гидрогенизацияланған майлардың басқа майларға қарағанда тұрақтылығы 
жоғары.
2. Балауыздар. 
Балауыздар - май қышқылдары мен жоғары бір атомды 
спирттердің эфирлері. Балауыздарға: ара балауызы, ланолин, спермацет жатады.
Ара балауызы (Сеrа)
. Қатты, сынғыш, сары түсті (Сera flava) немесе ақ-
сары түсті (Сera alba) масса балқу температурасы 63-65 
0
С. Эмульгирлеуші 
қабілеті төмен, негіздерді тығыздау үшін қолданылады. Суда, этанолда ерімейді, 
эфирде, хлороформда, майларда аз ериді. Ара балауызы химиялық инертті
көмірсутектермен, майлармен балқыма қоспа түзеді.
Спермацет
(Cetaceum).
Цетил спиртімен майлы қышқылдардың 
(пальмитин, стеарин және т.б.) күрделі эфирі. Қатты, ұстағанда майлы кристалды 
масса, балқу температурасы 42-54
0
С. Майлармен, көмірсутектермен оңай 
балқиды. Жұмсақ жағар майларды тығыздау үшін қолданылады. 
Ланолин
(Lanolіnum)
тазартылған ланолин тұтқыр, консистенциясы май 
тәрізді, өзіне тән әлсіз иісі бар масса, балқу температурасы 36-42 
0
С. Ланолин 
суда ерімейді, онымен араласады, бастапқы консистенциясын жоғалтпай судың 
150% эмульгирлейді. Осы маңызды, бағалы қасиетіне байланысты сусыз ланолин 
қолданылады. Жағар майларға сол себептен сулы ерітінділердің көп мөлшерін 
енгізуге болады. Ланолин спиртте қиын ериді, бірақ 40 бөлекке дейін қабылдай 
алады. Сусыз ланолин глицериннің 120-140 бөлігін қабылдайды. Ланолин эфирде 
және хлороформда жақсы ериді. Ланолин теріге жақсы сіңеді, теріні және кілегей 
қабатты тітіркендірмейді. Жоғары тұтқырлығына байланысты басқа негіздермен 
қоспасы қолданылады. Егер рецептіде ланолин көрсетілсе, онда сулы ланолин 


297 
(Lanolіnum hydrіcum) босатылады. Ол 7 бөлік сусыз ланолиннен және 3 бөлік 
судан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет