Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет231/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

4. 
Силиконды негіздер

полиоргансилоксандарды вазелинмен, 
парафинмен, церезинмен, өсімдік және жануар майларымен балқытылып 
алынады. Эсилон-4 және эсилон-5 - полиоргансилоксанды сұйықтықтар 
силиконды негіздердің міндетті құрамдарының бірі. Силиконды сұйықтықтарды 
аэросилмен немесе басқа толықтырғыштармен қоюландыру жолымен негізді 
алуға болады. Қолдануға эсилон - аэросилді негіз зерттелініп ұсынылды, ол 84 
бөлік эсилон-5 және 16 бөлік аэросилден тұрады. Бұл тұтқырлығы жоғары, түссіз 
сілітпе. Негіз аллергиялық және тітіркендіргіш әсер көрсетпейді, нейтралды 
немесе әлсіз қышқылды ортасы терінің рН мәніне (рН 5,0-7,0) жуық, химиялық 
инертті, физикалық тұрақты, ұзақ сақтау кезінде қабаттанып немесе 
қышқылданып кетпейді.
 
Гидрофильді негіздер 
Гидрофильді негіздердің сумен шексіз араласуы мен суда еруі бұл 
негіздердің өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Гидрофильді негізге дәрілік 
заттың сулы ерітіндісін енгізуге мүмкіндік береді және жағар майдың жоғары 
резорбциясын қамтамасыз етеді. Олардың кейбіреулері теріде серпімді пленка 
түзеді. Гидрофильді негіздер майлы із қалдырмайды және тері мен киімдерден 
оңай жуылады.
Гидрофильді негіздердің кемшілігі: микробты контаминацияға тұрақсыз. 
Гидрофильді негіздер тобына:
жоғарғы молекулалы көмірсулар және 
ақуыздар гельдері, синтетикалық ЖМҚ, бейорганикалық заттар, фитостеринді 
негіздер кіреді. 
1. Жоғары молекулалы көмірсулар және ақуыздар гельдері. 
Крахмал, 
целлюлоза эфирлері, желатин, коллаген жоғарғы молекулалы көмірсулар және 
ақуыздар гельдерінің алу көздері болып табылады. 
Бұл топтың негізін қалаушысы - крахмал гелі. Крахмал-глицеринді гелі 
немесе глицерин жағар майы (Unquentum Glycerіnі) МФ ІХ жазылымы бойынша 
7% крахмалдың глицериндегі ерітіндісі. Кілегей қабатта жеңіл таралатын, түссіз, 
мөлдір, біртекті тұтқыр масса. Ертеректе көз жағар майын дайындау үшін жиі 
қолданылған. Глицерин жағар майының тұрақтылығының төмендігіне және 
синерезиске бейімділігіне байланысты дәріхана тәжірибесінде қолданылмайды. 
Жағар май негізі ретінде целлюлоза эфирінен метилцеллюлоза (МЦ) және 
натрий-карбоксиметилцеллюлоза (NaКМЦ) қолданылады. Көбіне МЦ 5-7% сулы 
ерітінділері қолданылады, олар тұтқыр, құрылымдық гель. МЦ ерітіндісі 


299 
кепкенде теріде тығыз пленка түзеді, осы қасиеті қорғаныс жағар майлар 
технологиясында қолданылады. Кейде метилцеллюлоза гелінің кебуін бәсеңдету 
үшін оның құрамына глицерин қосады. Осындай негіздің құрамы: 6 бөлік МЦ, 20 
бөлік глицерин, 74 бөлік тазартылған су. Негіз сақтау кезінде тұрақты, ортасы 
нейтралды, түссіз эластикалық гель. 
NaКМЦ гельдерінің липофильді негіздерге қарағанда жоғары осмостық 
белсенділігі бар екені анықталған, осыған орай жарадан бөлінетін сұйықтықтарды
сіңіріп, оны тазалайды және некрозды массаларды тартып алуына мүмкіндік 
туғызады. Ұсынылған негіз құрамы: 4,5 бөлік - NaКМЦ, 1,5 бөлік - ПВП, 10 бөлік 
- глицерин, 5 бөлік - пропиленгликоль, 0,025 бөлік - нипагин, 100 бөлікке дейін 
су, жұмсақ және ұзақ осмостық әсері натрий хлоридінің 10% ерітіндісінен 10 есе 
жоғары, іріңді жараларды емдеу үшін кеңінен қолданылады. 
Желатин гелі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет