Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет230/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Вазелиннің кемшіліктері: 
терінің физиологиялық қызметтерін (жылу-, газ- 
және ылғалды алмасуын) бұзады, тері, шаш және киімдерден жуылуы қиын, 
кейбір жағдайларда сенсибилизациялық және аллергиялық әсер көрсетеді. 
Петролат (
Petrolatum
)
қиын еритін вазелин аналогы. Балқу температурасы 
60 
0
С. Сондықтан ол жағар майлар негізін тығыздағыш ретінде қолданылады. 
Қатты парафин (
Рaraffіnum solіdum
)
- шекті жоғарғы молекулалық 
көмірсутектердің қоспасы. Балқу температурасы 50-57 
0
С, ақ түсті, кристалды, 
ұстағанда майлы масса. Жұмсақ негіздерді тығыздаушы және қоршаған ортаның 
жоғарғы температурасы мен ыстық климатты жағдайларда жағар майлардың 
балқып кетуін болдырмайды.
Вазелин майы немесе сұйық парафин (Oleum Vaselіnі seu Paraffіnum 
lіquіdum). 
Ол вазелин аналогы. Түссіз майлы сұйықтық, негізге суспензиялық 
әдіспен енгізілетін дәрілік заттарды майдалауды жеңілдету үшін қоспа ретінде 
қолданылады. 
Озокерит (Ozocerіtum)
- қоңыр немесе қара түсті, мұнай иісі бар, балауыз 
тәрізді табиғи минерал. Жоғарғы молекулалық парафинді көмірсутектер, 


298 
шайырлар мен күкірттен тұратын, қоспа болып табылады. Балқу температурасы 
50-65 
0
С. Негізді тығыздағыш ретінде қолданылады. 
Церезин (Ceresіnum) 
- тазартылған озокерит. Аморфты түссіз, қатты, 
сынғыш масса, балқу температурасы 68-72 
0
С. Негіздерді тығыздағыш ретінде 
қолданылады. 
Жасанды вазелин (Vaselіnum artіfіcіale)
- заттардың сандық құрамы әр 
түрлі болатын қатты және сұйық парафин, церезин немесе озакерит және 
петролат балқымасы. Көбінесе 1 бөлік қатты парафин мен 4 бөлік вазелин 
майының балқымасы. Вазелин майының кемшілігі: оның сақтау кезінде 
синерезиске бейімділігі, бірақ церезин немесе озакериттің балқымалары ондай 
кемшіліктен айырылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет