Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет232/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

 
-
 
желатин-глицеринді негіз ретінде қолданылады, ол 1-3% 
желатиннен, 10-30% глицериннен және 70-80% тазартылған судан тұрады. 
Мөлдір, ашық сары түсті, жараға оңай жағылатын гель, оны тері желімі деп 
атайды. Тығыздығы мен серпімділігі желатиннің сандық мөлшеріне байланысты. 
Желатинді негіздер қорғаныс жағар майларын дайындау үшін қолданылады және 
теріде қататын серпімді пленка түзеді. Теріге балқытылған түрде жағады. 
Желатинді негіздердің кемшілігі синеререзиске қабілетті және микробтық 
контаминацияға тұрақтылығы төмен. 
Негіз ретінде 
коллагенді гельдерді
іс-тәжірибеге енгізу бойынша үлкен 
жұмыстар жүргізілген. Коллаген (Collagenum) - ірі қара малдың терісінен сілтілі - 
тұзды өңдеу арқылы алынатын ақуыз. Басқа негіздерге қарағанда коллагеннің 
емдік және регенерациялық әсері бар. Коллаген ұнтағы 2-5% концентрацияда 
суда ісіну арқылы тұтқыр түссіз гель түзеді және осы гель жағар май негізі 
ретінде қолданылады.
2. Синтетикалық (жасанды) жоғары молекулалы қосылыстар 
арасында 
полиэтиленоксидтер (ПЭО), полиэтиленгликольдер (ПЭГ) қолданылады. ПЭО 
молекулалық салмақғы 200 ден 6000-ға дейін, консистенциясы сұйықтан қатты
аралықта шығарылады. ПЭО АҚШ-та «Карбовакс», Францияда «Скурол», ФРГ 
«Постенал», ТМД ПЭО, ПЭГ атауларымен шығарылады. ПЭО суда жақсы ериді, 
спиртте, хлороформда, бензолда жақсы ериді, эфирде ерімейді. Негіз ретінде 
қатты және сұйық ПЭО балқымалары қолданылады: 1) ПЭО-400 - 60 бөлік және 
ПЭО-4000 - 40 бөлік; 2) ПЭО-400 - 70 бөлік және ПЭО-1500 - 30 бөлік. 
Осмостық белсенділігі бойынша ПЭО гельдері 10% натрий хлориді ерітіндісінің 
белсенділігінен 20 есе артық. ПЭО 400 (гельдердің негізгі компоненті) 
дегидрлеуші эффектісі полимердің сумен сутекті байланыстар арқылы 
комплексті қосылыс түзілуімен түсіндіріледі. 
Бұл негіздердің артықшылықтары: 
-
суда жақсы ериді, сондықтан дәрілік затты оңай босатады; 
-
микробтық бұзылуға ұшырамайды құрамындағы гидроксил (ОН) тобына 
байланысты бактерицидтік әсері бар; 
-
теріден және киімнен оңай жуылады; 
-
жарықтың, температураның және ылғалдың әсеріне тұрақты; 
-
осмостық белсенділікке ие. 


300 
Кемшіліктері: 
-
кілегей қабықтарды майсыздандырады; 
-
тітіркендіргіш, күйдіргіш әсері бар; 
-
күміс 
тұздарымен, 
қорғасын 
тұздарымен, 
салицил 
қышқылымен, 
бромидтермен, йодидтермен, резорцинмен, фенолмен сыйымсыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет