Әдістемелік ұсыныстардың мақсаты
– патологиялық үрдіс фазасындағы ней-
ропротективті әсерді қамтамасыз етуші емдік әсердің бағытын түсінуге мүмкін-
дік беретін нәрестелердегі ГИЭ патогенезінің жаңа талдауын жүргізу.
Методикалық ұсыныстарда дүние жүзінен жиналған бақылау рандомизирлік
зерттеулерден өткен ГИЭ кезіндегі емдік гипотермияны қолдану негізделген.
Өзіндік клиникалық тәжірибеде 3-ші деңгейдегі стационарларда босану
тәжірибесіне нәрестелерді аман алып қалуына және ГИЭ ауыр формасымен
өмір сапасын жақсарту мақсатында қолданылған индуцирлік емдік гипотермия
енгізілді.
6
Энцефалопатия және гипоксия / ишемия
Неонаталды энцефалопатия – ентікпелі тыныс алу, сананың төмен деңгейімен
бұлшықеттік тонус пен рефлекстің тежелуімен және тырысу синдромы жүретін
клиникалық жағдай [1]. Энцефалопатия босану кезінде, туыла салысымен және
нәресте өмірінің бірінші күнінде көрінеді.
Көп жылдар бойы нәрестедегі біріншілік энцефалопатия себебі тек гипоксия/
ишемия деп санаған. Ал қазір болса неонаталды энцефалопатия(НЭ) - бұл көп-
теген себептерге байланысты зақымданулардан болатын мидың спецификалық
емес зақымдануы екені анықталды [2].
Жиілігі 1000 босануға 2-4 жағдай нәрестелер энцефалопатиясы кездеседі,
оның 30% бас миының гипоксиялық-ишемиялық зақымдануынан болады, бірақ
басқа да метаболикалық және генетикалық бұзылыстарға, инфекцияға, дәрілік
заттардың әсеріне және мидың даму ақауына негізделген себептерден де бо-
луы мүмкін.
Гипоксиялық - ишемиялық энцефалопатия
— бұл перинаталды гипоксия/
асфиксия нәтижесінде ұрықтың және нәрестенің қанда оттегінің жетіспеуі-
нен (гипоксемия) және әлсіз перфузиялық (ишемия) жеткілікті күшіне және
ұзақтығына байланысты болатын мидың зақымдануы, соның әсерінен функцио-
налды және биохимиялық өзгерістердің (анаэробты гликолиз белсенділігі, лак-
тоцитоздың дамуы) және энергетикалық алмасудың ауыр бұзылыстарына ұшы-
райды.Демек,ГИЭ – дамушы үрдіс онда тек мидың қызметі ғана емес жүректің,
өкпенің, бауырдың, бүйректің, ішектің, бүйрек үсті безінің зақымдануы яғни, көп
жүйелік зақымдану.
Гипоксия/ишемияны дер кезінде анықтаған маңызды, өйткені ГИЭ-ң басқа
себептеріне қарағанда басқарылатын жағдай. ГИЭ-мидың жедел зақымдануы-
ның клиникалық және лабороториялық белгілермен сипатталады. характеризу-
ется клиническими и лабораторными признаками острого повреждения мозга.
Нейровизуализация (МРТ, КТ), биохимиялық тесттермен, ЭЭГ және патологоана-
томиялық зерттеулерге негізделіп диагноз қойылады.
Асфиксиямен туылған нәрестелердің 1000 босануға 1–1,5 жағдай және ге-
стациялық жастағы ≥ 36 аптада 1000 босанудың 0,5 жағдай жиілігі кездеседі.
ДДС ұйымының баяндамасында 23% неонаталды өлім нәтижесі босану кезінде-
гі асфиксиядан болатыны көрсетілген. Жыл сайын 814 мың өлім нәрестелердегі
интранаталды себептерге байланысты екені орнатылған. Қолайсыз жүйке-пси-
хикалық нәтиженің бас себебі гипоксиялық ишемиялық энцефалопатия болып
табылады[3].
|