Ќазаќстан республикасыныѕ денсаулыќ саќтау министрлігі


РЕЗЕҢКЕДЕН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАРДЫҢ РЕГЕНЕРАЦИЯСЫ



бет30/47
Дата03.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#133656
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47
Байланысты:
Фармацевтикалық-тауартану

РЕЗЕҢКЕДЕН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАРДЫҢ РЕГЕНЕРАЦИЯСЫ


  1. Резеңке қолғаптары немесе жұқа резеңке бұйымдар бұзылғанда 15 минутқа 5 % нашатыр спиртінің жылы ертіндісіне салады, одан алып 10-15 минут глицеринді жылы суға салады.

  2. Қалың қабатты бұйымдарды (жылытқыштар, мұз салғыштар) ыстық вазелин майына салып, шығарған соң ұмаждай отырып қалпына келтіруге болады.



Резеңкенің сапасының көрсеткіштері


Зауытта резеңке бұйымдарын физикалық-механикалық көрсеткіштерін яғни тауартанулық талдауын жүргізеді. Ол үшін сапасын анықтайды: беріктігін, созылуын, үзілу беріктігін.

  1. Созылу көрсеткішін анықтау – ол үшін резеңке лентаны созып тұрып, ұзындығын өлшейміз және созылу нәтижесінде үзіліп кетеді, сол үзілген кездегі резеңке лентаның ұзындығын өлшейміз. Одан соң үзілгенге дейінгі және үзіліп кеткеннен кейінгі ұзындығын өлшеп пайыздық қатынасын шығарып, көрсеткіш бойынша анықтаймыз.

  2. Үзілу беріктігі – 1 см аралығындағы салмақты анықтаймыз. Ол үшін жүк іледі де, қанша кг жүк көтереді, яғни лента үзіліп кеткенше саламыз, лента үзілгенде салмақты анықтаймыз.

  3. Резеңкенің созылуының қалдық көрсеткіші – ол алғашқы кездегі ұзындықпен үзілген кездегі ұзындықтың ара-қатынасы.



Резеңке жасалған бұйымдардың сақталуы


Резеңкеден жасалған бұйымдарды жақсы, тығыз жабылған шкафта, түтікше бұйымдарды ілінген күйінде талькпен опаланып сақталынады. Резеңке бұйымдарды тіке түсетін күн сәулесінен, ыстық, жылы температурадан қорғап, қалыпты температурада сақтау керек және жылытушы құралдардан алыс жерде сақтау керек. Резиналы бұйымдарды сақтау мерзімі алғашқы материалдық сапасына, бұйым конструкциясына, вулканизациялау әдісіне, сақталу әдісіне және эксплуатация тәртібіне байланысты.
Таңбалануы (маркировкасы)
Зауытта өндірілген резеңке бұйымдардың маркировкасы болу керек, штампы жуғанда кетпейтін бояумен боялу керек және онда зауыт нөмірі, резеңкенің сорты, шығарылған күні, жылы көрсетілуі керек.


Резеңке бұйымдараның топтасуы.

қуысты формалау әдісімен алынатын резеңке бұйымдары

Түтікшелі эластикалық бұйымдар

Латенкстан жасалған бұйымдар




  • жылытқыштар - ауа өткізгіштер - хирургиялық қолғап

  • мұз салғыштар - интубациялық түтіктер - анатомиялық қолғап

  • төсенгіш дөңгелектер - дуоденальды зондтар - презервативтер

  • спринцовкалар - газ өткізгіш түтіктер - саусақшалар

  • қынап дөңгелектері - катетрлер (Петцер, асқазандық - еміздіктер

  • ирригаторлық сапты аяқ цилиндр тәрізді) - медициналық пипеткаларға

  • медициналық кленка - түтіктер ( дренажға, қан алмастыруға, арналған түтіктер

  • резеңке зәр қабылдағыштар ағзадан сұйықтықты алуға немесе

енгізуге, лабораториялық
- асқазан зондтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет