Ќазаќстан республикасыныѕ денсаулыќ саќтау министрлігі



бет26/47
Дата03.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#133656
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47
Байланысты:
Фармацевтикалық-тауартану

Медициналық дәке – сирек торы тәрізді мата. Екі сорты шығарылады – ағартылған гигроскопиялық және қатты.
Дәкенің арнайы түрлеріне қан тоқтатқан және гемостатикалық дәкелер жатады.
Дайын дәкелердің түрлері:

  • қан тоқтатқыш дәке;

  • гемостатикалық дәке;

  • дәкелі-мақталы жастықшалар;

  • дәкелі-мақталы лента;

  • дәкелі бинттер;

  • гипстік бинттер;

  • эластикалық медициналық гипс;

  • түтікшелі медициналық бинттер;

  • эластикалық түтікшелі бинттер;

  • байлап-таңу пакеттері;

  • бекіткіш контурлы таңбалар ;

  • дәкелі салфеткалар;

  • пенопластан жасалған салфеткалар;

  • дәкелі шариктер.

Байлап – таңу материалдарын сақталуы.
Таңу материалдарын құрғақ желдетілетін үй-жайда іші ашық бояумен боялған шкафтарда, сөрелерде және тұғырықтарда сақтайды, олар таза ұсталуы қажет. Таңу құралдары қойылған шкафтарды дүркін-дүркін 0,2 пайыз хлорамин әкпен сүртіп отырады.
Залалсыздандырылған таңу материалдары (бинттер), дәке салфеткалары, мақта. зауыттық орауда сақталады. Оларды бірінші ашылымдағы орауда сақтауға болмайды.
Залалсыздандырылмаған таңу материалдары (мақта, дәке) тығыз қағазға немесе түктерге (қаптарға) салып, сөрелерде немесе тұрғылықтарда сақтайды.
Гипстік таңулар травматологияда және ортопедияда созылмалы иммобилизацияның негізгі түрі болып саналады. Оларды арнайы столдарда көмекші материалдармен салып уақыт өткен соң алып тастайды.
Гипс. Ол өз кезегінде – кальций сульфат болып табылады СаSO4, табиғатта екі молекуласуы бар түрінде таралған СаSО4х2Н2О; ол өзі ақ түсті, кейде сұршыл-жасыл түсті, яғни ол табиғатта таза күйінде өте сирек кездеседі. Гипсті алу үшін, оны жарамды ету үшін оны +130 , + 200қ С-та қыздырады; сол кезде ол өз құрамындағы суын жоғалтып жартылай гипске немесе ангидридке айналады. (СаSО4)2Н2О. Күйдіріп болған соң гипсті майдалап, ұнтақтап фосовать етіп тастайды яғни арнайы қалташаларға немесе бөшкелерге салып тастайды.
Гипстің сапасын алдын ала органолептикалық тексереді. Жоғары сапалы гипс құрғақ, түйіршіксіз, ақ түсті, бидай ұны секілді консистенциялы, қолмен ұстағанда оңай себеленеді. Жоғары сапалы гипс сумен араласқанда өзінің түсін және иісін өзгертпеу керек; ал гипс төмен сапалы болса ол сумен араласқанда сұр түске айналып дымқыл жағымсыз иіс шығады (күкіртқышқылының). Сол сияқты гипстің сапасын анықтауда бірнеше әдіс бар:

  1. Гипстің аз мөлшерін бұйрек тәрізді тазикке салып, сумен араластырады яғни мына қатынаста: 1 бөлек су +2 бөлек гипстен қаймақ тәрізді консистенсия түзілгенше араластырамыз. Тазиктегі түзілген масса ені 1-2 см-ден аспау керек; 6-7 минуттан кейін гипс қатаяды, сол қатайған пластинканы жерге бірнеше рет ұрып көргенде сол қатты күйде қалу керек, ал сынған жағдайда майда ұсақтанбай сыну керек.

  2. Гипстың аз мөлшерін алып тең мөлшерде сумен араластырамыз, түзілген массадан диаметрі 2-3см етіп шарик жасаймыз; масса қатайған соң шариктерді полға тастап көреміз; сонда ол бүтін күйде қалмау керек және бірнеше бөлікке бөлінеді; яғни сапасы төмен гипс өте жай қатаяды (6-8 минуттан көп) және өте майда бөліктерге бөлініп кетеді (ұсақтанады).

  3. Гипсті құрғақ бөлмеде сақтау керек. Егер гипс ылғалданса, оның сапасын кептіргіш шкафта 120-1300С-та 6-8 сағат қайта кептіреміз, (қабат қалыңдығы 5-6 см) және периодты түрде орналастырамыз. Гипсті аузы ашық ыдыста, яғни газда кептіруге болмайды, ол жағдайда ол ыдырап кетуі мүмкін және 6000-та жарамсыз гипс түзіледі және оны ‘’өлік’’ гипс деп те атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет