Студенттердің өзіндік орындауға арналған тапсырмалар:
№1 тапсырма:
Ақпараттық-дидактикалық блокпен танысу.
№2 тапсырма:
Фармация комитетінің, фармацевтикалық және медициналық өндірістің негізгі мақсаттары мен міндеттерін белгілеңіз.
Оқытушылармен жұмыс жасау:
студенттердің өзіндік орындау тапсырмаларының қорытындысын талқылау.
бастапқы және қорытынды білімдер деңгейін бақылау (тестілер, бағдарламалық бақылау сұрақтары).
Тақырып 2: Дәріханалық жүйедегі тауартанулық операциялары, олардың құжаттық толтырылуы. Тақырыптың өзектілігі: Фармацевтикалық қызметінде тауар алуға және жеткізудегі келісім шарты бар тауартанулық операциялар, тауарларға тауартанулық талдау жүргізудің, керекті құжаттарды толтыра білудің үлкен маңызы бар. Сондықтан осы сабақта алынған білімдер мен тағылымдар студенттерге келесі тақырыптарды өтуге, болашақ тәжірибелік жұмыстарында қажет болады.
Сабақтың мақсаты: Студенттерді дәріханалық жүйеде тауартанулық операциялармен және олардың құжаттарымен таныстыру.