АҚ өзгерген кезде мынадай ережелерді сақтану қажет Бірқатар зерттеулер АҚ-ң үйде өлшенген деңгейін клиникада өлшенген деңгейден болатындығын көрсетті, үйде өлшенген АҚ 125/80 мм с. б.б., 140/90 мм с. б.б. Клиникалық жағдайда өлшенген деңгейге сәйкес.
Науқастардың өзіндік АҚ бақылаудың негізгі факторы халықаралық стандартқа сәйкес құралдар қолдану болып табылады. АҚ саусақта немесе білезікті өлшейтін құралдар саналмайды, электр құралдарды автоматты пайдалану кезінде АҚ-ң өзгеріс инструкцияларын қатаң ұстану кажет.
АҚ тәуліктік мониторинг жүргізу Қазіргі уақытта амбулаторияда АҚ ұзақ тіркеу үшін инвазивті емес автоматтандырылған құралдарды пайдаланады. Бағдарламаның ұсынысы бойынша АҚ тәуліктік мониторингтеу сергектік кезеңде 15 мин және ұйқы кезінде 30 мин интервалмен АҚ-ы тіркеу керек.
Сергектік жағдайда АҚ-ң қалыпты көрсеткіші 135/85 мм с.б.б. АҚ кезеңінде 120/70 мм с.б.б., түнгі уақытта АҚ-ң төмендеу сатысы 135/85 мм с.б.б. және жоғары сергектік кезеңге 140/90 мм с.б.б. және жоғары АҚ кезеңінде 125/75 мм с.б.б. және жоғары.
Толық физикалық тексеруге жататындар: Халықаралық стандартқа сәйкес АҚ 2-3 рет өлшеу;
- бойды, дене салмағын өлшеу, дене салмағының индексін анықтау, жамбас н/е сан айналымын өлшеу, жамбас сан қатынасын есептеу;
- гипертониялық ретинопатияның дәрежесін анықтау үшін көз түбін тексеру;
- жүрек-тамыр жүйесін тексеру: жүрек өлшемдері,тондардың өзгерісі, шулардың болуы, жүрек жетіспеушілігінің белгілері;
- ұйқы, бүйрек немесе шеткері артериялардың патологиясы, аортаның коарктациясы;
- өкпені тексеру (сырылдар, бронхоспазм белгілері);
- құрсақ қуысын тексеру (тамыр шулары, бүйректің үлкеюі, аортаның патологиялық пульсациясы);
- шеткері артерияның пульсациясын тексеру немесе аяқ-қолдарда ісіктің болуы;
- цереброваскулярлы патологияның бар екенін дәлелдеу үшін жүйке жүйесін тексеру.
Міндетті тексерулер, емді бастау алдында жүргізіледі, зақымданған нысана-мүшелер немесе қауіпті факторларды анықтау үшін:
- зәр анализі;
- кең түрдегі қанның жалпы анализі;
- қан анализі (калий, натрий, креатинин, жалпы холестерин немесе жоғары тығыздықтағы липопротеид);
- ЭКГ анықталады.
Арнайы тексерулер анықтамасы сол науқасты емдеу тактикасына әсерін тигізеді:
- кең түрдегі биохимиялық қан анализі, төменгі тығыздықтағы липопротеидті, холестеринді, триглицеридті, зәр қышқылын, кальцийді, глюкозирленген гемоглабинді, креатинин клиренсін аныктау;
- тәуліктік зәрді анықтау (микроальбуминурия, тәуліктік протеинурия, зәрмен бірге катехоламиназаның экскрециясы);
- сол қарыншаның гипертрофиясын систолалық немесе диастолалық функциясын бағалау үшін эхокардиография;
- артерияның ультрасонографиясы;
- бүйрек УДЗ-і;
- АҚ-ң тәулікті мониторингі;
- ангиография;
- компьютерлік томография;
- АҚ-ң көтерілуінің себебін анықтау үшін қолданатын арнайы тексеру әдісі келесі жағдайларда қолдануы;
- жасы, анамнез, физикалық тексерудің анықтамасы және қарапайым зертханалық тесттер, гипертония ауырлығының екіншілік көрсеткіші болуын жоқка шығармайды;
- бұрын қатерсіз өтіп келе жатқан АГ-ң өршіп кетуі;
- анық вегетативті криздің болуы;
- АГ-ң 3-дәрежесі немесе медикаментті терапияға рефрактерлі ;
- АГ-ң кездейсоқ дамуы.