Екіншісі (аралық мақсат) — нысана ағзалардағы құрылымдық-функциялық өзгерістерге жол бермей, ал болғанда — бұларды кері қайтару (сол қарыншаның гипертрофиясын, тамыр қабырғасы тегіс салалы бұлшықетінің гипертрофиясын, жүрек шамасыздығын жою, холестерин деңгейін төмендету, дене салмағын қалыптыға келтіру т.б.).
Үшіншісі (түпкі мақсат) — нысана ағзалар жағынан асқынулардың дамуына, осының салдарынан болатын өлімге жол бермеу, осылайша науқастың болашақ болжамын жақсарту және емді жүргізе отырып, мүмкіндігінше өмір сапасын кемітпеу.
АҚ-ды дәрмексіз және дәрмекті ем шараларымен төмендетеді.
Дәрмексіз ем шаралары науқастардың барлығына жаппай қолданылуы тиіс.
Дәрмексіз ем шаралары:
1. Ас тұзын (3-4 г дейін), сұйықтықты 1,2-1,5 литрге деиін шектеу. Сау адам тәулігіне 10 г шамасында тұз қолданады. Артериялық гипертониямен сырқаттанғандар тұз дәмін сезетін рецепторлар сезімталдығының төмендеуінен, тағамдарды косымша тұздауға құмар.
Орта есеппен бұлар тәулігіне 25 г тұз тұтынуы мүмкін. Ас тұзын тәулігіне 5-6 г дейін шектеудің бір өзі, бір айдың көлемінде, АҚ-ды едәуір төмендетеді. Негізінде ас тұзын тәулігіне 4-5 г дейін шектеген тиімді. Ас тұзын шектеу гипотензиялық дәрмектердің әсерін арттырады және бұлардың дозасын азайтуға мүмкіндік береді. Тұзды азайтқанда төмендемейтін АГ "тұзға резистентті" гипертония аталады. "Тұзға
резистентті" гипертония болғанда ас тұзының мөлшерін әрі қарай кеміту кажетсіз саналады.
2. Дене салмағын калпына келтіру. Салмағы ауыр науқастар артық салмағын жоюға тырысуы кажет. Салмақтың 5 кг жеңілдеуі, АҚ 5 мм с.б.б. төмендетеді. Дене салмағының азаюы гиперлипидемияны, инсулинге төзімділікті темендетеді, қантты диабеттің барысына жағымды әсер етеді.
3. Шылым шегуді доғару. Салауатты өмір сүрудің бір өзі жүрек-тамыр ауруларын алдын алудың басты жолы.
4. Ішімдікті доғару. Алкогольді ішу мен артериялық гипертонияның тарау жиілігінің және АҚ деңгейінің арасында тікелей байланыс бар.
Сонымен қатар, алкоголь гипотензиялық дәрмектердің әсерін кемітеді.
Артериялық гипертонияға шалдыққан науқастар ішімдіктен бас тартқаны жөн.
5. Тиімді емдәмтерапия. Қаныққан майлары бар тағамдарды катаң шектейді. Калий, кальций, магнийге бай жеміс-жидектердің, көкөністің мөлшерін көбейтеді, өйткені гипонатрийлік диетаны қолданғанда аталған микроэлементтердің зәрмен жойылуы тезделеді. Сонымен қатар, кейбір авторлар оңай сіңірілетін кальций дәрмектерін (кальций цитраты н және карбонатын) қосуды ұсынады.
6. Дене қимылын арттыру. Аэробтық дене қызметін көбейтеді, аптасына 3-4 рет 30-45 минуттан жылдам жаяу жүру, суда жүзу тиімді.
Бұдан күшті және тез қимылдың, мәселен жүгірудің гипотензиялық әсері төмен болған.
7. Үй тұрмысында, жұмысында эмоциялық стрестерді болдырмау шараларын ұйымдастыру; ұйқысын қалпына келтіру; психотерапияны, аутогендік жаттығуларды кеңінен қолдану.