Геродиетикада тағамды қабылдау тәртібіне үлкен мағына бөлінген: науқас тағамды аз-аздан 5-6 рет қабылдауы қажет. Бұл артық салмақжинаудан, асқазанды тағам жүктемесінен сақтайды. Қарт жастағы кісілерге тәуліктік энергия шығынын үлестіру: таңғы ас - 20%, екіншілік таңғы ас - 10-15%, түскі ас - 35%, бесіндік - 10%, кешкі ас - 20%. Тәуліктік тұз құрамы 7-10г, ал ішке қабылданатын су көлемі 1,0-1,5 л аспауы қажет.
Жасы келген адам және отбасы
Ешқандай тірі тіршілік иесінің түрінде сонау бастапқы дамуында ата -бабасы, немересінің шөпшегімен мүлдем арасында байланыс жоқ.
Мүмкін біз енді махаббат және осындай күрделі құрылымдағы қатынасты оқып жатқан болармыз, отбасы қалай көрініс береді, жиі төрт ұрпақпен біріктірілген және өмірлік тәжірибесі мүлдем басқа.
Оларға қарым қатынас бұрыңғы қағидаларға негізделмеуі тиіс. Себебі бұрын жасы келген адамдар сауатсыздықтың әсерінен жасы келгенде өмірдің тез өтетінін ойламаған.
Жасы келген адамдардың қоршаған ортасы өте ұқыпты және мейірімге толы болу керек.
Әсіресе қарт адамдардың отбасындағы қарым-қатынасы отбасындағы өз баласымен, немересімен, енесімен, күйеу баласымен, келінімен қатынасы қалай екендігі маңызды болып табылады.
Адам өмірінің мәні бала-шағаларының бар екендігі және адамдарға пайда әкелетіні туралы жиі айтамыз. Егер ол қартқа қарай алмайтын, күте алмайтын болса, одан қандай пайда. Негізгі пайдалылығы, көмекке зәру қарттардың жанын жылуға бөлеп, сол жылу сезімін өшірмеуі. Қарт адамдар жас балаларға қарағанда көп күшті қажет етеді, себебі балаларда біздің болашағымыз яғни ол қалады. Қарттарда біздің балалық, жастық шақтарымыз кетті. Біз бүгінгі күннің жетістіктері мен қызығы үшін бар ынтамызды саламыз, бірақ та сол бұрынғы өткізген қуанышты сәттерге
жауап береміз. Бұл қарттарға қиын екендігінің бірден-бір себебі екендігін көрсетіп тұр.
Кәрі адамдардағы барлық аурулар өзін ешкімге керек етпеймін, пайдам жоқ деп сезінгеннен болады. Жүректегі мұзды ерітудің соңғы мүмкіндігі көңілді де махаббатқа толы немерелердің, шөберелердің көз алдында болу.
Аталар мен әжелердің көптеген уақыты дәстүрлі ереже шеңберінде өтеді. Олардың көптеген уақыты мен күші балаларға қамқорлық жасаумен өтеді.
Олар теледидар алдында отырып телебағдарламалар қарайды, әсіресебалаларға арналған бағдарламаларды іздейді, олардың бұдан басқа ешқандай көңіл көтеретін орындары жоқ. Халықта: немере туған баладан тәттірек, - деген сөз бар. Сол үшін немерені өзінің баласынан қатты жақсы көреді. Қарт кісілердің қызығы да солар. Сондықтан олардың көңілін стресстік жағдайлардан сақтап, көп бақыт силап, көңілдерін табуға тырысуымыз қажет.