Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару және қалдықтарды қайта өңдеу



Pdf көрінісі
бет107/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   243
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару және қалдықтарды қайта өңдеу 
Алматы облысында жинақталған ҚТҚ жалпы көлемі шамамен 9,0 млн. тоннаны 
құрайды, бұл ретте жыл сайын 1,8 млн.тонна ҚТҚ қалыптасады, оның ішінде 440 мың тонна 
Алматы қаласының аумағынан құралады және түседі. Бұл ретте түзілетін қалдықтар 
полигондарда алдын ала сұрыптаусыз және залалсыздандырусыз орналастырылады. Облыста 
742 елді мекен бар. ҚТҚ жинау мен шығаруды 72 кәсіпорын қамтамасыз етеді. Облыс 
тұрғындарын ҚТҚ шығарумен қамту 2018 жылы 75% құрады. Барлық қалалар, аудан 
орталықтары және ірі елді мекендер толық қамтылған (100%).
2018 жылы Мәслихат "Алматы облысының қалдықтарды басқару жөніндегі 2017-2025 
жылдарға арналған бағдарламасын" бекітті (мәслихаттың 20.02.2018 ж. №27-137 шешімі), 
сондай - ақ облыс әкімдігі "Алматы облысының қалдықтарды басқарудың өңірлік жүйесі" 
жобасының ТЭН әзірледі (ЭМ 18.06.2018 ж. №01-0216/18). Сонымен, елді мекендерді ҚТҚ 
шығару арқылы қамту - 77% деңгейінде және ҚТҚ өңдеу үлесі-24% деңгейінде жоспарланған. 
Осыған байланысты, негізгі міндет қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату көлемін қоқыс 
өңдеу кәсіпорындарын салу арқылы арттыру болып табылады.
2017 жылы түзілген ТҚҚ көлемі 629 мың тоннаны құрады, оның 24,77%-ы қайта 
өңделген. 2018 жылы 628,7 мың тонна ҚТҚ түзілген, оның 27,55%-ы қайта өңделген. 2017 
жылы 354 ҚТҚ жинау және көму орындарының 9-ы ҚР экологиялық талаптарына сәйкес келді. 


190 
2018 жылы 357 ҚТҚ орналастыру объектілерінің 13-і ғана экологиялық және санитарлық 
талаптар мен нормаларға сәйкес келеді, бұл 3,47%-ды құрайды. 
ҚТҚ жинау мен шығаруды әртүрлі меншік нысанындағы 72 кәсіпорын қамтамасыз етеді, 
олардың 460 бірлік мамандандырылған техника, 19 мың контейнер бар. Алайда, 
мамандандырылған техниканың 75 - 80%-ы тозған. 
Алматы облысында 11 кәсіпорын қайталама материалдық ресурстарды қайта өңдеумен 
айналысады ("ҚазақстанҚағазы" АҚ, "KagazyRecycling" макулатураны қайта өңдеу ЖШС, 
"СТЕКЛОБОЙ" САФ" АҚ, "Қайнар АКБ" өңделген аккумуляторлар ЖШС, ,"УтильЭкосервис 
"ЖШС, "ЭкосервисАрман "ЖШС, "Q-recycling" автомобиль шиналарын қайта өңдеу ЖШС, 
"ҚазПетПолимер" полимерлі қалдықтарды қайта өңдеу ЖШС, "ИнтерМед групп" медициналық 
қалдықтарды арнайы өңдеу ЖШС, "Таза" ADAL DAMU CAPITAl" ЖШС (ҚТҚ сұрыптайды).
ӨКМ операторының қатысуымен облыста бірінші кезекте сұрыптау кешендері жұмыс 
істейтін жерлерде ҚТҚ-ны бөлек жинау енгізіледі. (Талдықорған қаласы, Іле ауданы, Қапшағай 
қаласы). Облыста ерекше қауіпті қалдықтарды, электрондық және тұрмыстық техниканы кәдеге 
жарату үшін 190 контейнер орнатылды. Талдықорған қаласында тұрмыстық қалдықтарды бөлек 
жинауды танымал ету мақсатында тұрмыстық қалдықтардың құрғақ және ылғал түрлеріне 
бөлінген 270 дана жер асты контейнері орнатылды. Аталған контейнерлерге қызмет көрсету 
үшін 7 бірлік арнайы техника сатып алынды. Сондай-ақ макулатура, картон және алюминий 
банкаларын жинауға арналған 200 торлы контейнер орнатылды. 
Облыс аумағында 3 кешен жұмыс істейді: облыс орталығында қуаты жылына 100 мың 
тонна қоқыс сұрыптау кешені (бастамашы "ADALDAMU" ЖШС, инвестиция көлемі 180 
млн.теңге); Панфилов ауданында қуаты жылына 10 мың тонна қоқыс өңдеу кешені ("Әулет" 
МПК" ЖШС, инвестиция көлемі 180 млн. теңге); 2019 жылы Іле ауданында қуаты жылына 200 
мың тонна қоқыс өңдеу кешені іске қосылды (бастамашы "Таза Жер МПК" ЖШС, инвестиция 
көлемі 180 млн. теңге).
2019 жылы Жаркент қаласында қуаты 10 мың тонна болатын пиролиз әдісімен қоқыс 
өңдеу зауыты пайдалануға берілді. Сондай-ақ Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл, 
Панфилов аудандарында қоқысты бөлек жинауды енгізу жоспарлануда. Іле ауданында 
"WasteEnergyKazakhstan" ЖШС Қазақстандық-Испандық компаниясымен бірлесіп қуаты 
жылына 120 мың тонна толық циклді қоқыс өңдеу зауытын, сондай-ақ қуаты жылына 100 мың 
тонна "ZOR BIO" ЖШС қоқыс өңдеу зауытын салу жоспарлануда, онда электр энергиясын
сондай-ақ биокарбон мен тыңайтқыштарды алу және сату мақсатында биогаз ала отырып, ҚТҚ 
толық өңдеу технологиясы көзделген. "WasteEnergyKazakhstan" ЖШС бірінші жобасының 
болжамды қуаты - 8 МВт (бірінші кезек 4 МВт), ал екінші жоба "ZOR BIO" ЖШС - 4 МВт.
"Алматы облысының қалдықтарды басқару бойынша аймақтық жүйесі" жобасының 
әзірленген ТЭН шеңберінде:
- 14 аумақтық кешен үшін оператор құру (3 ауданаралық және 11 аудандық кешен болып 
табылады);
– 16 полигонның құрылысы (3 қолда бар – қайта жаңарту және кеңейту, 2 қолда бар – 
жаңғырту, 11 - жаңа құрылыс), 16 қоқыс сұрыптау кешені, 15 қоқыс тиеу станциясы, 3 қоқыс 
өңдеу зауыты (Алматы қаласы аймағында-2, Талдықорған қаласында-1).
Аумақтық оператор болып "АлатауТазалықСервис" ЖШС анықталды, 11 кешеннің 
жобаларын әзірлеу жүргізілуде, оның ішінде: Жаңа заңнамаға сәйкес 4 қоқыс сұрыптау, 6 қоқыс 
тиеу және 1 ҚТҚ полигонын салу. Осы кешендердің құрылысына инвесторлар іздеу 
жүргізілуде. Жобаларды іске асыру мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі арқылы, ӨКМ 
операторының қатысуымен жоспарлануда.
Сондай-ақ, Жаркент және Текелі қалаларында 40 млн.теңгеге екі жабық ҚТҚ полигонына 
ЖСҚ әзірленуде. Іле ауданында қуаты жылына 120 мың тонна қоқыс өңдеу зауытының 
құрылысы жоспарлануда (инвестор "WasteEnergyKazakhstan"ЖШС). Мұнда жылына 100 мың 
тонна қуаты бар органикалық қалдықтарды қайта өңдеу және жылына 9,4 МВ Т/ с дейін 10 мың 
тонна қатты тыңайтқыштар мен электр энергиясын өндіру жөніндегі зауыттың құрылысы 
жоспарлануда (инвестор "ZorBiogas" ЖШС, инвестициялардың жалпы көлемі – 17,7 млн.евро, 
өтелімділік мерзімі – 5 жыл).


191 
Облыс әкімдігі Алматы облысының 2018-2021 жылдарға арналған экологиялық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет