Жылуменжабдықтауды жалпы қуаты 728 Гкал болатын 34 қазандық жүзеге асырады.
2019 жылы жылу желілерінің ұзындығы 661,2 км, ал 2017 жылы – 624,4 км құрады (жылу
желілеріндегі шығындар 30% астам). Халықтың орталықтандырылған жылумен қамтамасыз
ету деңгейі - 26%, елді мекендерді қамтамасыз ету деңгейі 3% (ГТП - 100%, АЕМ — 1,4%).
2017 жылдың соңына дейін 718,5 мың халқы бар 123 елді мекен газдандырылды,
газдандыру деңгейі 2017 жылы 26,2% құрады. 2015 жылмен салыстырғанда газдандырылған
елді мекендер саны 27-ге артты, газдандыру деңгейі 5,9%-ға өсті. 2018 жылы 19 елді мекенді
газдандыру есебінен газдандыру деңгейі 30,1%-ға дейін артты.
2019 жылы облысты
газдандыруға 6,6 млрд. теңге бюджет қаражаты бөлінді, 32,8 млрд. теңге сомасына жеке
инвестициялар тартылды. Қазіргі уақытта облыста барлығы 1,1 млн. адам тұратын 144 елді
мекен газдандырылды.
Сумен жабдықтау және канализация жағдайы, халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау және су тартумен қамтамасыз ету. 2017 жылы 741 елді мекеннің 647 елді мекені орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді (87,3%), бұл 2015 жылмен салыстырғанда 6,5% - ға жоғары. 105 елді мекеннің сумен
жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, қайта жаңартуға, күрделі және ағымдағы жөндеуге
9,4 млрд.теңге бөлініп, игерілді. 2018 жылға ауысатын 93 нысан (сумен жабдықтау-88, су тарту-
5) бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.
2018 жылы облыс әкімдігінің деректері бойынша "Өңірлерді дамыту" және "Нұрлы Жол"
бағдарламалары аясында сумен жабдықтау және су тарту нысандарын салу және қайта жаңарту
бойынша 67 жобаны іске асыруға 10,6 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде 29 жоба аяқталды.
Нәтижесінде 17 елді мекен ауыз суға қол жеткізді, 10 ауылда ауыз су сапасы жақсарды. Елді
мекендерді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 89,6%-ға (742 елді мекеннің
665—і), орталықсыздандырылған-11,5%-ға және тасымалданатын сумен-1,2%-ға дейін
жеткізілді.
2018 жылы су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 2019 жылы 6918,3 км құрады —
6924,6 км, оның ішінде 1298 км 2018 жылы және 1212 км — 2019 жылы ауыстыруды қажет етті
(Статистика комитетінің деректері).
Қала халқының орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігі 2018 жылы
96,8%-ға, ауылдық-89,5%-ға жетті. Облыста 665 елді мекен (89,6%) орталықтандырылған сумен
қамтамасыз етілді, 68 елді мекен орталықтандырылмаған болып табылады және 9 елді мекен
(1,2%) тасымалданатын сумен қамтамасыз етіледі.
2019 жылы "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы" шеңберінде 53
жобаны іске асыруға (2018 жылдан бастап 10 жаңа, 43 ауыспалы) 10,2 млрд.теңге (РБ – 6,3
млрд. теңге, ЖБ – 3,9 млрд. теңге) бөлінді. Қосымша халық саны 14300 адам болатын облыстың
10 н.к. қамтамасыз етілді. Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 2018 жылмен
салыстырғанда 1,4%-ға артты, бұл 91%-ды немесе 675 елді мекенді құрады. Осы мақсатқа 3
жобаны іске асыру үшін облыстық бюджеттен 345,160 млн. теңге бөлінді, 1.10.2019 ж. игеру
311,770 млн. теңгені құрайды. Шарт бойынша жұмыстарды аяқтау 2020 жылға жоспарланып
отыр.
Облыстың 57 елді мекенінде кәріз жүйесі бар, бұл елді мекендердің жалпы санынан 7,6%
құрайды. Кәріз желілерінің ұзындығы 1238 км құрайды (желілердің тозуы - 58,5%). Облыстың
ауылдық елді мекендерін су тартумен қамтамасыз ету үлесі ауылдық елді мекендердің жалпы
санынан (731) 6,6% құрайды. Қала тұрғындарының су тартуға қол жеткізуі 2018 жылы 45%-ды,
ауылдық 7,2%-ды құрады.
Кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 2018 жылы 1407,8 км және 2019 жылы 1463,4 км
жетті, оның ішінде 2018 жылы 449,4 км және 2019 жылы 455,3 км ауыстыруды қажет етеді
(Статистика комитетінің деректері).
Толық және механикалық биологиялық тазартудың кәріздік тазарту құрылыстары
Талдықорған қаласында бар (қуаты тәулігіне 36 мың м
3
), Қапшағай (қуаты 25,4 мың м
3
/тәул.)
Үшарал (қуаты 7,0 мың м
3
/тәул.), Жаркент (қуаты 7,0 мың м
3
/тәул.), Текелі (қуаты 11 мың
м
3
/тәул. Сарқан ауданы (қуаты 0,8 мың м
3
/тәул.), Талғар ауданы (қуаты 1200 м
3
/тәул.), Қарасай
188
ауданының Қаскелең (қуаты 600 м
3
/тәул. Көксу ауданы Балпық би кенті (КОС қуаты 1400
м
3
/тәул.) және Ұйғыр ауданының Шонжы ауылы.
Талғар, Қаскелең қалалары ішінара және Іле ауданының Өтеген батыр кенті Алматы
қаласының (Сорбұлақ) коллекторына ағынды суларды ағызады. Қалған елді мекендер
механикалық тазалау имараттары арқылы немесе сүзу алаңдарына ағызады.
Қолданыстағы тазарту құрылыстарының неғұрлым тұрақты және авариясыз жұмыс істеуі,
экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында оларды қайта жаңарту қажет, бұл құрылыстардың
қолданыстағы көлемдерін барынша пайдалану және су тұтыну көлемдерін едәуір ұлғайту
кезінде су бұру жүйелерінің тиімділігін арттыру жоспарында оң нәтиже береді.
2019 жылы "Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту" бағдарламасы шеңберінде су тарту
бойынша 7 жобаны іске асыруға - 2,3 млрд.теңге бөлінді. Алакөл ауданындағы Алакөл көлінің
жағасына тәулігіне 6,5 мың м3 КОС салу бойынша жоба әзірленді. Жобалық-сметалық
құжаттама мемлекеттік сараптама жүргізу сатысында. Жобаның алдын ала құны - 5,5
млрд.теңгені құрайды.
МЖӘ шеңберінде «Алматы облысының Қапшағай қаласының тазарту құрылыстарын
қайта салу және құрылысы» жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Жобаның құны – 5,8 млрд
теңге.