Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Ауыл шаруашылығының өнімділігі жоғары әдістерге көшуі. Су шығынын төмендету



Pdf көрінісі
бет110/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   243
Ауыл шаруашылығының өнімділігі жоғары әдістерге көшуі. Су шығынын төмендету 
және шығымдылығын арттыру. Органикалық ауыл шаруашылығын дамыту. 
2017 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Атырау облысы аумағының көлемі 11863,1 
мың га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 21,2% құрайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 2015-2017 жылдары 204,7 мың га 
ұлғайды және 2522,6 мың га жерді немесе облыстың жалпы алаңының 21,2%-ын алады. Ұлғаю 
қордағы жерлерден жер учаскелерін беру есебінен болды.
Егіс алқабының құрылымында ең үлкен үлесті көкөніс дақылдары (29,9%), сондай-ақ 
картоп (23,8%) және жемшөп дақылдары (31,8%) алады. Жаңа прогрессивті әдістер 
қолданылады: ылғал сақтау және тамшылатып суару технологиялары. 2018 жылы тамшылатып 
суару технологиясы бойынша өсірілетін алқаптар көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 8,7 есе 
ұлғайды және 2,54 мың га, ал 2019 жылы - 2,8 мың га құрады.
Облыста жалпы көлемі 14,8 га жылыжайлар тіркелген және барлығы тамшылатып суару 
әдісімен қамтамасыз етілген. 2020 жылға қарай облыс жылыжайларының көлемін 25 га дейін 
жеткізу, маусымнан тыс өндірілетін көкөніс көлемін екі есеге ұлғайту жоспарлануда.
Облыс бойынша асыл тұқымды мал өсіру бойынша 20 шаруашылық субъектісі бар.
Соның ішінде 7 шаруашылық ірі қара малын өсіреді, 7 шаруашылық асыл тұқымды қой, , 4 
шаруашылық "Қазақтың ай өркеші" асыл тұқымды түйесін өсіреді және 2 шаруашылық асыл 
тұқымды жылқы өсіреді. Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 1838 шаруа 
қожалығы, 184 ауыл шаруашылығы құрылымдары және 49,3 мың үй шаруашылығы (халық 
шаруашылығы) айналысады. Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің жалпы көлеміндегі халық 
шаруашылықтарының үлесі әлі де жеткілікті жоғары болып қалуда,бұл сала өнімдерін 
өндірудің ұсақ тауарлы сипатын айқындайды.
Атырау 
облысы 
бойынша 
ауыл 
шаруашылығы 
мақсатындағы 
жерлердегі 
жайылымдардың көлемі 1096,1 мың га немесе 49% суланған 2250 мың га құрайды.
Облыс тұрғындарының басым бөлігі дәстүрлі түрде балық ресурстарын өңдеу және 
кәсіпшілікпен айналысатын өңір болып табылады.
Бүгінде облыста балық шаруашылығының 19 субъектісі өз қызметін жүзеге асыруда. 
Олардың ішіндегі ең ірілері мыналар: "Амангелді атындағы" ЖШС, "Жемчужина" ЖШС және 
"Каспий Балық" ӨК.
"Амангелді атындағы" ЖШС және "Абылай хан" ЖШС Еуропалық Одақтың 
ветеринарлық нормаларына сәйкестік стандартын енгізді. Бұл Еуропалық Одақ елдеріне балық 
өнімдерін тікелей экспорттауға мүмкіндік береді. 
Барлығы жылына шамамен 11 мың тонна балық өндіріледі және оның барлығы дерлік 
өңделеді. 
Облыстың балық өнімдері Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Украина және ЕО Франция, 
Германия, Литва, Латвия сияқты ТМД елдеріне экспортталады. 


196 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет