Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Энергетиканы, оның ішінде жаңартылатын энергетиканы дамыту және халықты



Pdf көрінісі
бет163/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Энергетиканы, оның ішінде жаңартылатын энергетиканы дамыту және халықты 
энергиямен қамтамасыз ету
Облыстағы электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан астам 
электржелілері және әр-түрлі кернеуліктегі 1837 дана қосалқы станциялардан құралады, тозу 
деңгейі 69 %.
Соңғы бес жылда Арал және Қазалы аудандарында кернеулігі 110/35/10 кВ «Арал», 
«Жаңақазалы» қосалқы станциялары және Қызылорда қаласындағы «Тасбөгет», «Арай», 
«Орталық», «Шымбай», «Жаңаарық», «Қазандық» 35/10 киловольттық қосалқы станциялары 
қайта жаңғыртылды. Сонымен бірге, Сырдария ауданындағы «Тереңөзек» 35/10 киловольттық 
қосалқы станциясындағы оперативтік басқару пункті және трансформаторлық қондырғылары
жаңғыртылды. 
2018 жылы Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігін электрмен 
жабдықтау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғастырылды (1 кезек), оларға 
облыстық бюджеттен 650 млн. теңге бөлінді. 
Сырдария ауданының Ақжарма елді мекенінде электрмен жабдықтау жүйелерін қайта 
құру бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды, оларға облыстық бюджеттен 186,3 млн.теңге 
бөлінді және игерілді. Нысан пайдалануға берілді. 
«Төретам кенті және Ақай ауылдық округі 6-10/0,4 кВ электр желілерін кеңейту және 
реконструкциялау», «Қызылорда облысы Жосалы кентіндегі «Жосалы» ҚС-220/35/10 кВ қайта 
жаңарту», «Қармақшы ауданы Төретам кентінің №22 35/10 кВ ҚС кеңейту және қайта жаңарту» 


253 
жобалары бойынша жобалық-сметалық құжаттаманың ведомстводан тыс сараптамасының оң 
қорытындысы алынды. 
«Қызылорда қаласындағы «ГМЗ» ҚС 35/10кВ қосалқы станциясын реконструкциялау», 
«Қызылорда қаласындағы «Силикатная» ҚС 35/10кВ қосалқы станциясын реконструкциялау», 
«Қызылорда қаласындағы «Комсомол» ҚС 35/10кВ қосалқы станциясын реконструкциялау», 
«Қызылорда қаласындағы «Залинейная» ҚС 35/10кВ қосалқы станциясын реконструкциялау», 
«Қызылорда 
қаласындағы 
«Промышленная» 
ҚС 
35/10кВ 
қосалқы 
станциясын 
реконструкциялау» жобалары бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталды. 
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкімен ынтымақтастық шеңберінде Қызылорда қаласы 
мен Шиелі ауданында электр желілерін жаңғырту бойынша жалпы құны 5,2 млрд.теңге 
болатын жоба іске асырылуда.Жобаға сәйкес 70 қосалқы станция мен 300 шақырымнан астам 
электр желілері қайта жаңғыртылатын болады. Бүгінгі күні жоспарланған жұмыстардың 80% 
орындалды. Нәтижесінде Қызылорда қаласы мен Шиелі кентіндегі тұтынушылар үздіксіз және 
сапалы электрмен жабдықталатын болады. 
Облыста жаңартылатын энергия көздерін салу жұмыстары жалғасуда. 
2019 жылы облыстағы Жалағаш және Шиелі аудандарында инвесторлардың қаражаты 
есебінен салынған жалпы қуаттылығы 78 МВт құрайтын екі күн электр стансалары іске 
қосылды.  
2020 жылдың соңына дейін құны 3,2 млрд.тенгені құрайтын Жаңақорған ауданында 
қуаттылығы 10 МВт күн электр станциясының құрылысын салуға инвестор «Hydroenergy 
company JSC» компаниясы ниет білдіріп отыр. 
Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды іске асыру сыртқы көздерден энергияға тәуелсіз 
болуға, сондай-ақ «жасыл экономикаға көшу жөніндегі» тұжырымдамада белгіленген 
мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
2018 жылға жоспарланған «облыста өндірілетін электр энергиясының жалпы көлеміндегі 
ЖЭК өндірілетін электр энергиясының үлесі» көрсеткішіне іс жүзінде қол жеткізілді және 
0,07%-ды құрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет