Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет179/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   243
Жылжымалы құмдармен күресу проблемасы Қазақстанның көптеген аридтік аймақтары 
үшін, әсіресе белсенді қайта құру облыстарында өзекті болып отыр, оларға Қарақия ауданының 
Түймесу, Маңғыстау ауданының Бостандық және Қызылқұм құмды массивтері жатады.
2004 жылдан бастап Сенек ауылының жанындағы Түйесу тозған құмды алқаптарының 
өсімдік жамылғысын қалпына келтіру және 2007 жылдан бастап Үштаған ауылының 
жанындағы Бостандық жұмыстары жалғасуда. 2011 жылдан бастап Маңғыстау ауданының 
Тұщықұдық ауылында және 2016 жылдан бастап Шебір ауылында жылжымалы құммен күресу 
жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 4 елді мекеннің маңында 3830 
га жасыл қорғаныш белдеуі пайда болды. Жұмыс жалғасуда.
Сондай-ақ, 2018 жылы Маңғыстау ауданының Жарма, Сазды, Сауысқан елді мекендерін 
жылжымалы құмдардан қорғау бойынша жобалық құжаттама әзірленді. Олардағы жұмыс таяу 
жылдары жүргізілетін болады.
Биологиялық ресурстардың жай-күйі және орман, балық және аңшылық 
шаруашылықтарының, ЕҚТА және экологиялық туризмнің дамуы 
Облыстың жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын Бейнеу және Сам мемлекеттік 
орман мекемелерінің орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 253299 мың га құрайды, оның 
ішінде орман жамылғысы - 125161 га. Онда жылына 300 га қара сексеуіл тұқымдары егілді. 
Соңғы екі жылда орман қорының жеріне 200 га (2017 жылы 148 га, 2018 жылы 52 га) орман 
жамылғысы қосылды. 
Бейнеу ауылындағы кәріздік тазарту құрылыстарынан тазартылған суды пайдалануға 
арналған, жылына 98,0 млн теңге сомасына жалпы ауданы 8,75 га тұрақты орман питомнигін 
салуға, сондай-ақ Бозащы түбегінде жалпы ауданы 76305 га, құны 67,0 млн теңге жаңа орман 
мекемесін құруға барлық құжаттар дайындалды.
2018 жылы орман питомнигі құрылысының жобалау-сметалық жобасы Маңғыстау 
облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына берілді.
Бұдан басқа, ҚР АШМ вице-министрімен келісілді және облыс әкімімен "2019 - 2030 
жылдарға арналған Маңғыстау облысы әкімдігінің ормандарды молықтыру және орман өсіру 
көлемін ұлғайту жөніндегі қадамдық жоспар" бекітілді.
Жыл сайын көктемгі және күзгі кезеңдерде облыс әкімдігінің қаулысымен елді 
мекендердің аумақтарын көгалдандыру, санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша іс-
шаралар өткізіледі.
Облыстың қалалары мен елді мекендерінде жалпы ауданы 45 гектар 18 саябақ бар.
Елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Елді мекендер аумақтарының 
экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында 2018 жылы 15 наурыздан 30 сәуірге дейін облыс 
елді мекендерінің аумақтарын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша 
іс-шаралар өткізу туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің №36 қаулысы қабылданды.
2019 жылы 
31613 ағаш, 4340 бұта және 1965 м
2
гүлзар отырғызылды.


266 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет