Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Ауыл шаруашылығының өнімділігі жоғары әдістерге көшуі. Су шығынын төмендету



Pdf көрінісі
бет182/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   243
Ауыл шаруашылығының өнімділігі жоғары әдістерге көшуі. Су шығынын төмендету 
және шығымдылығын арттыру. Органикалық ауыл шаруашылығын дамыту
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін тұрақты өндіру мақсатында ауыл шаруашылығы 
дақылдарын өсірудің ылғал және ресурс үнемдейтін және топырақ қорғау технологияларын 
игеру, суармалы егіншілік алаңдарын қалпына келтіру, прогрессивті жаңбырлатқыш техниканы 
пайдалану бойынша шаралар қабылдануда. Жыл сайын суармалы егіншілік алаңдары 
кеңейтілуде. Соңғы төрт жылда 19,4 мың га қалпына келтірілді, оның 5,4 мың га 2017 жылы 
пайдалануға берілді.
Павлодар облысында тамшылатып суару арқылы алаңдар кеңейтілуде. Бұл 
технология jблыстың 21 шаруашылығында қолданылады, 2012 жылдан бастап 15 гектардан 561 
гектарға дейін ұлғайтылды.
Аудандар бойынша: Павлодар – 339,5 га; Успен – 100 га; Ақсу қ. -
44 га; Тереңкөл – 66 га; Екібастұз қ. - 11,5 га.
Павлодар облысы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі жайылым 
алаңы 3317,6 мың га құрайды, оның ішінде суланған жерлер - 1899,6 мың га немесе 57%. 2017-
2019 жылдары жыл сайын 30 шақты құдық пен ұңғыма жайластырылды.
Энергетиканы, оның ішінде жаңартылатын энергетиканы дамыту және халықты 
энергиямен қамтамасыз ету 
Электрмен жабдықтау. Облыс Қазақстанның ең энергия құрылымды аумақтарының 
қатарына жатады. Облыстың электр станциялары шаруашылық кешені мен облыс халқының 
қажеттілігін электр энергиясымен қамтамасыз етеді, электр энергиясының бір бөлігі 
республиканың басқа өңірлеріне келеді. Меншікті өңірлік тұтыну өндіріс көлемінің 45%-ын 
құрайды. 
149
Мұнда және одан әрі Павлодар облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған 
бағдарламасы және оны іске асыру жөніндегі 2018 және 2019 жылдарға арналған есептер. 


269 
Электр желілерінің жалпы ұзындығы 17,5 мың км, оның ішінде: ВЛ-220-110 кВ – 2,7 
мың км, ВЛ-35-10-0,4 кВ – 13,6 мың км, кабель желісі – 10-6-0,4 кВ – 1,2 мың км. Подстанция 
саны 4349 бірлік, оның ішінде: 220-110 кВ подстанция -78 бірлік, 35-10-0,4 кВ подстанция -128 
бірлік, ТП, КТП-6-10/0,4 кВ — 4143 бірлік. Орташа пайдалану мерзімі 30-35 жыл
болғандықтан, электр желілерінің орташа физикалық тозуы 58,5% құрайды.
Кернеуі 220 - 1150 кВ электр беру желілері "KEGOC" АҚ-ның балансында тұр, оларды 
пайдалануды орталығы Екібастұз қаласында жүйеаралық электр желілерінің Солтүстік 
филиалы жүзеге асырады. 110 кВ және одан төмен электр желілерін "Павлодар Электржелілік 
Тарату Компаниясы" АҚ және "Горэлектросеть" ЖШС және "Экибастузэнерго"ЖШС 
электржелілік компаниялары пайдаланады. Жыл сайын облыстың энергия кәсіпорындары 
қосалқы станциялардың электр желілері мен электр жабдықтарын қайта жаңарту, жаңғырту, 
күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша инвестициялық іс-шараларды орындайды.
3 қаланы жылумен жабдықтауды екі кәсіпорын жүзеге асырады: "Павлодар жылу 
желілері" ЖШС және "Теплосервис" КМК. 2019 жылы облыстың жылу желілерінің ұзындығы – 
839,2 км құрады, оның ішінде тозығы жеткені — 316,8 км (37,8%), ауыстыруды қажет ететіні — 
325,2 км (38,7%). 
Тозған желілердің ұзындығын азайту мақсатында облыста жыл сайын мемлекеттік 
бағдарламалар шеңберінде жобалар іске асырылады, бұдан басқа пайдаланушы ұйымдар 
инвестициялық бағдарлама шеңберінде желілерде жөндеу жүргізеді. 
2019 жылы "Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту" және "Нұрлы жол" мемлекеттік 
бағдарламалары шеңберінде 4,8 км жылумен жабдықтау желілерін және 4 орталық жылу 
пункттерін салу және қайта жаңарту жүргізілді. 
Амортизациялық аударымдар мен меншікті қаражат есебінен коммуналдық кәсіпорындар 
2019 жылы 24,1 км жылумен жабдықтау желілерін күрделі жөндеуден және қайта жаңартудан 
өткізді. 
2020 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 
және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 6 жобаны іске асыру жоспарланған. Жобалар 
шеңберінде 19,4 км жылумен жабдықтау желілерін салу, күрделі жөндеу және қайта жаңарту 
жоспарлануда. Амортизациялық аударымдар мен меншікті қаражат есебінен коммуналдық 
кәсіпорындармен ағымдағы жылы 2,5 км жылумен жабдықтау желілерін күрделі жөндеуден 
өткізу және қайта жаңарту жоспарланып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет