Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Қаланы көгалдандыру және экологиялық туризмнің жағдайы



Pdf көрінісі
бет228/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   243
Қаланы көгалдандыру және экологиялық туризмнің жағдайы 
Қаланың жасыл қорын сақтау жұмыстары жалғасуда. Жалпы пайдаланудағы жасыл 
екпелердің ауданы бір адамға 3,5 шаршы метрді құрайды, бұл қала үшін қосымша аймақтық 
көрсеткіш. 2019 жылы міндетті өтемдік ағаш отырғызу есебінен 135 мыңнан астам ағаш 
көшеттері отырғызылды.
2 объектіде: Айнабұлақ-2 шағын ауданындағы сквер және "Южный" саябағы қайта 
жаңартылды және абаттандырылды. Инвестордың қаражаты есебінен "Алтын-Тараз" ЖШС - 
Орталық мәдениет және демалыс саябағының аумағы абаттандырылды.
Жалпы, 2019 жылы гүлзарлар алаңы 110 755 м
2
. құрады, оның ішінде : 
- баданалы гүлзар – 18 953 кв м; 
- кілем гүлзар – 9 809 кв м;
- біржылғы гүлден жасалған гүлзар – 45 240 кв м; 
- раушан гүлдер - 10 084 кв м;
- канн гүлдерден - 7 216 кв. м; 
- көп жылдық гүлдер – 2 263 кв м;
- газондар – 15 800 кв м;
- тік көгалдандыру конструкциясы – 4 337 дана. 
Алматы туристік индустрия орталығы болып табылады, бұл ретте осы секторды одан әрі 
дамыту үшін қаланың әлеуеті бар. Бұл қаланың географиялық, аумақтық және тарихи 
орналасуына, сондай-ақ жеткілікті дамыған сервистік инфрақұрылымның болуына байланысты.
2017 жылы барлығы 969861 адамға (ішкі және сыртқы келушілер) орналастыру 
орындарына қызмет көрсетілді, бұл республикалық көрсеткіштің бестен бір бөлігі – 5279406 
адам (18,3%). 
Әрбір екінші шетелдік турист Алматы қаласына барады (ҚР бойынша барлығы сыртқы 
туристерді орналастыру орындары – 891911 адам, оның ішінде 353626 адам Алматыға 39,6%).
Келуші және ішкі туристердің пайыздық арақатынасы 2015 жылы 41,8%/58,2%-дан 2017 
жылы 36,5%/63,5%-ға өзгерді. Келуші туристердің басым бөлігі іскерлік туризм желісі 
бойынша келеді. 
Орналастыру орындары көрсеткен қызметтердің көлемі бойынша (мейрамханалардың 
қызметтерін есепке алмағанда) 2015 - 2016 жылдары 18,6 млрд.теңгеден 19,7 млрд. теңгеге 
дейін артқанын көрсетті. 2017 жылы бұл көрсеткіш 22,5 млрд.теңгені құрады (ҚР көлемі – 108,4 
млрд. теңге), орналастыру орындары көрсеткен қызметтердің республикалық көлемінің бестен 
бір бөлігі (20,7%).


313 
Туристік индустрияны дамыту үшін Алматы қаласын алға бастырудың жалпы 
маркетингтік стратегиясы әзірленді . Visitalmaty.kz Facebook, Instagram, Wechat, Twitter 
әлеуметтік желілеріндегі беттер іске қосылды.
2016 - 2017 жылдары Алматыны ВВС (Би-Би-Си) телеарнасында жылжыту бойынша 
науқан жүргізілді, 4 бейнеролик ротация жүргізілді.
Сонымен қатар, 2017 жылы Қытай, Польша, Түркия, Ресей, Үндістан, Әзірбайжан, 
Украина, Сингапур және Өзбекстан сияқты 9 елден жетекші шетелдік туроператорлар үшін 
ақпараттық тур өткізілді.
Euronews телекомпаниясымен жұмыс жүргізілді,онда "Almaty – the city of thousand colors" 
және "Metropolitans", "Focus" және "Cult" бағдарламалары үшін "Star of Asia" фестивалі 
көрсетілді. 
Туристік индустрияны дамытудың негізгі көрсеткіштерін талдау оң динамиканың болуын 
көрсетеді және Алматы қаласында туристік орталық ретінде өсудің жақсы перспективалары 
туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет